Қамалған белсенділер "заңсыздықтарға" байланысты жоғарғы сотқа шағымданбақ

Дерек көзі: www.azattyq.org - 09.10.2019642

"Қытай экспансиясына" қарсы митингілерге қатысып, 10-15 тәулікке қамалған бір топ азаматтық белсенді сот процестерінің заңсыз өткенін айтып, жоғарғы сотқа арызданатындарын жеткізді.

- Біз "Қытай зауыттарына қарсылық" білдірген Жаңаөзен халқын қолдағанымыз рас. Оның алдында Қасым-Жомарт Тоқаевтың "бейбіт митингілерге рұқсат алудың қажеті жоқ" дегенін естіп, бардық. Қыркүйектің 4-і күні қалалық әкімдік алдына келіп, талаптарымызды қойғанымыз да рас. Кейін әкімдік өкілдері "тараңдар" деген соң, тарап кеттік. Арада 10-14 күн өткеннен кейін бізге полиция келіп, "әңгімелесеміз" деп алып кетіп, бірден сотқа алып барды. Онда не жақындарымыздың, адвокатымыздың я өзімізді қолдап жүрген белсенділердің қатысуына рұқсат бермеді. Соттағы заңсыздықтар өз алдына. Сондықтан біз осы заңсыздықтарға байланысты судья, прокурор мен полицейлердің үстінен жоғарғы сотқа арыз түсірмекпіз, - деді 15 тәулік қамауда болған азаматтық белсенді Мұрат Шорманов 9 қазанда Алматыдағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросында өткен жиында.

Жоғарғы сотқа арыз бермек болған белсенділер арасында Ермек Қазиев, Геннадий Крестьянский, Айдар Оразбеков және өзге 15-тен астам азамат бар. Олардың айтуынша, бір Алматының өзінде 2 қыркүйек пен 21 қыркүйек аралығында "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзған" 18 адам қамауға алынған. 21-інен кейін тағы үш адам қамалған. Қыркүйек айының басынан бері Қазақстан бойынша қамауға алынған белсенділер саны 50-ге жуықтаған.

- Бұл тізімге полицияға шақыртылып, ескерту алып, айыппұл салынған азаматтар енген жоқ, - деді адвокат Салауат Сәскебаев.

Қыркүйек айының басынан бері Қазақстанның түкпір-түкпірінде "Қытай жобаларына қарсы" наразылық шаралары өтіп, тұрғындар биліктен Қытаймен біріккен жобаларды жабуды талап етті. Полиция әу баста "рұқсат етілмеген митингілерге" шыққан азаматтарды ұстаған жоқ. Бірақ қыркүйек айының ортасынан бастап полиция белсенділерді шақырып, "әкімшілік жазаға тарта бастады". ІІМ бұған байланысты ресми түсініктеме бермеді.

Ал 21 қыркүйекте тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” (ҚДТ) қозғалысы "митингі орны" ретінде белгілеген жерлерде полиция жүзге жуық адамды ұстады. Олардың басым бөлігі ескертумен босатылып, кейбірі әкімшілік жазаға тартылды.

Ішкі істер министрлігі "прокуратураның ескертуіне қарамастан жекелеген азаматтардың тыйым салынған экстремистік ұйымның арандату әрекеттеріне еріп кеткенін" хабарлады. Министрлік кейбір наразылар "құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы әрекет етіп, қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндірді" деді.

Наразыларды ұстау кезінде полиция кейбір тұрғындарға дөрекілік танытып, оларды автобусқа итеріп кіргізді.

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы соңғы ұстаулар мен қамауларды сынап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты "саяси реформалар жүргізуге" шақырды.

Қазақстан заңына сай, азаматтар бейбіт митинг өткізу үшін жергілікті әкімдіктен рұқсат алуы тиіс. Ал Қазақстанның "Азаматтық және саяси құқықтары туралы" халықаралық пактіге қол қойғанын алға тартқан құқық қорғаушылар "бейбіт жиын өткізу үшін ескерту ғана жеткілікті, полиция тұрғындарды жазаламауы тиіс" деп санайды.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?