Қазақ-қытай жұмысшылары арасындағы кикілжің: Қылмыстық іс қозғалды

Ербол Ілияс - 10.10.20191127

Талдықорған-Өскемен тас жолын жасап жатқан қазақ-қытай жұмысшылары арасындағы төбелеске қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға қазанның 7-де Талдықорғаннан 45 шақырымда орналасқан  «CITIC Construction Co LTD» компаниясының базасында болған. Төбелеске қатысқан 3 қытай азаматына "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сондай-ақ, олардың көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталған екен. Қазіргі сәтте Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық соты аталған істі қарап жатыр.

Оқи отырыңыздар: «Екі інімді полиция ұстап алып кетті»

21 жастағы жергілікті жұмысшы Қанат ЖАМБЫЛДЫҢ айтуынша,  3 бірдей қытай азаматы оны жабылып соққан. Азаматтықты әлі рәсімдемеген этникалық қытай азаматы Қазақстан аумағында ыхтияр хатпен жүр екен. Зардап шеккен азаматтың сөзіне сенсек қытай жұмысшылары оны күрекпен бірнеше рет соққан.

"Мен погрузчикпін. Жолды тегістеп келе жатқанымда қытай азаматы айғайлай берді. Не болғанын сұрап едім, дұрыстап тегісте деп жекіп сөйледі. Мен олардың тілін түсінем ғой. Айғайлап болмаған соң, жағасынан ұстадым. Аяғымнан күрекпен соқты, артынша, тағы 2 қытай азаматы жабылып, қылқындырды. Төбелес, шамамен, 1-2 минутқа дейін созылды"-дейді, 2 ай бұрын ғана аталған компанияға жұмысқа кірген Қанат ЖАМБЫЛ.

Келесі күні базаға жақын маңда тұрып жатқан бір топ қазақ азаматы компанияда жұмыс жасап жатқан қытайларды соққыға жыққан. Полицейлер мұның бұзақылық ниетпен жасалғанын, аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 3 бірдей бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір қылмыс жасаған күдітелер ұсталыпты. Аталған төбелес нәтижесінде 4 қытай азаматы әр түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген екен.

Оқи отырыңыздар: Қытай компаниясындағы төбелес: Ауыл азаматтарын қамап жатыр

Сонымен қатар, «CITIC Construction Co LTD» компаниясында жұмыс істеп жатқан 33 шетел азаматының ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталған екен.

Қазақ жұмысшылары  аталған компанияда бұндай жағдайлардың жиі орын алып тұратынын айтқан. Сол себепті, журналистерден көмек сұрап, бейнеүндеу жариялаған болатын. Мұндағы жұмысшылардың сөзіне сенсек, компанияда теңсіздік мәселесі бар.  

Фото: sm-news.ru



Мақала авторы:

Ербол Ілияс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Тіл мамандары «Жас Алаш» арқылы пікір алмасуда

Сайт Әкімшілігі

Тіл мамандары «Жас Алаш» арқылы пікір алмасуда

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным