Қарағандылық кәсіпкерлер мемлекеттік тілде қате жазады

Арай Сатыбалдықызы - 10.10.20191596

Қарағанды қаласындағы  көшеде жарқырап тұратын мемлекеттік тілдегі жарнама қатеге толы. Осы уақытқа дейін қаланың қазақшасын жөндеуге әкімдер мен тілдер басқармасының да шамасы келмей-ақ қойды. Әкімшіліктегі жиналыстарда   шенеуніктердің  қазақша ізет білдіріп, амандасқаннан әрі аса алмайтыны облыс әкімін де қала әкімін де аса толғандыра қоймайтын тәрізді. Дегенмен жақында ғана Қазақстан президенті  Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ "қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін жұмыла жұмыс жүргізуміз керек" деп жұртқа мәлімдеме жасаған болатын. Президенттің  осы сөзі серпін берді ме кім білсін Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қала көшелеріндегі жарнамадағы қатені іздеу үшін рейд жұмыстарын жасауға кірісті. Алайда қаланың Орталық базарындағы жарнамадағы қазақшаны қатыра алмаған кәсіпкерлер "құқығымыз тапталды,тексерістің болатыны жөнінде ресми қағаз жоқ " деп қарсыласып өре түрегелді. Рейд барысында тіл мамандарымен бірге мемлекеттік тілде жазылған жарнаманың қатесін тексеріп жүрген, қоғам белсенділері болса мұндай әрекеттің бос әурешілік екенін, базар кәсіпкерлері  бұл шараны "ит үреді ,керуен кешеді" деп қана қабылдайтынын айтады. Өйткені мемлекеттік тіл туралы заңның өзі солқылдақ. Мемлекеттік тілді жарнамада қолданбай, тек орыс тілінде  ғана жазғандармен қазақ тілін қате жазып мазақ еткендерге тілдер басқармасы батыл түрде айыппұл сала алмайды. Мұны анық білетін кәсіпкерлер мемлекеттік тілге аса мән бере бермейді. Сондықтан Қарағандыдағы көше жарнамасындағы қазақшасын түсінбей еріксіз орысшасын іздеп оқып аласыз.

«Тілдер басқармасы мен бөлімі көп емес қой. Ал жеке меншік кәсіп иелері өте көп, оның барлығына  жеке келіп ресми қағаз ұстатып ескертіп жүре берсе тіл мамандары қалай үлгереді. Бұл үшін билік тарапынан үлкен қозғау болып заңды күшейту керек. Ал бүгін мынау не, кәсіпкерлер ескертпеге құлақ асқысы келмей дік -дік етеді. Сонда Қарағандыда мыңдаған жеке меншік орындардың әрқайсысына ресми қағаз жіберіп жүгіріп жүрсеңдер, тілдер комитетінің қандай қадір қасиеті қалады.Тіпті бұған мүмкіншілікте жоқ қой. Өзге ұлт өкілдері ескертуге түсіністікпен қарап отыр. Ал өзіміздің орыстанып кеткен қазақтар ашық түрде қарсылық білдіріп тұр. Бұлар енді басқа ұлт болайын десе түрі келмейді, қазақ болайын десе тілі келмейтін өзіміздің қазақтары екені жанға батады», - дейді қоғам белсендісі Жексен  ӘБДІРАХМАНОВ.

Тіл мамандары болса мұндай шараны тексеріс емес, түсіндіру жұмыстары ол біздің тікелей міндетіміз деп есептейді.

«Біз БАҚ  өкілдерімен облыстық рейдке тоқсан сайын алдын ала жоспарлап шығамыз, онда біз дөрекі қатесі көп жерлерді аралаймыз. Бірақ қазір біз аяқ астынан жоспардан тыс осындай шараға шыға салғандықтан наразы пікірлер болып тұрады. Дегенмен біз түсінеміз, бұл тексеру емес түсіндіру шарасы. Егер қағаз керек десе мен қазір ғана барып жұмыстан жібере аламын. Заң бойынша біздің айыппұл салуға құзыретіміз болмағандықтан біз тек қана түсіндіреміз», - деп мәлімдеді Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айсұлу НҰРТАЙ.  


Фотолар автордікі.


Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?