«Адвокат Құспанды жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тарта аламын»

Думан Бақыткелді - 10.10.20194879

Белгілі қоғам қайраткері Арман ШОРАЕВ адвокат Абзал ҚҰСПАНДЫ жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес жауапқа тарта алатынын мәлімдеді. «Қазақстан барысы» жобасының авторы Ислам ӘБІШЕВ пен Серік ТӘКИЕВТІҢ қамауға алынғанын менен көруі дәлелсіз айыптау деп біледі.

«Абзал, Серік ағаңды жасаған істері үшін құрметтеймін. Ислам ағамды да құрметтеймін. Қазақ күресі үшін жасаған істері үшін. Келіспейтін жерлеріміз бар. Оны тікелей ашық айттым. Өзімнің мақалаларымда, сұхбаттарда. Бірақ, сол келіспеушілігі үшін біреуге тапсырма беріп оны зынданға қамау енді ол адамгершілікке де жатпайды. Мен ондайдан аулақпын, айналайындар. Абзал бауырым, мен өзіңді танымаймын. Мән-жайын біліп алсаң жөн болар еді. Бұндай нәрселерді жариялағаның енді дұрыс емес. Басқа қатты сөздерді пайдаланғым келіп отыр. Бірақ, сабырлық сақтағым да келіп отыр. Ал, Секеңмен Ислам ағамыздың тезірек үстінен қара бұлттар кетіп қалсын деп тілеймін. Мен ешбір адам баласына жамандық ойламаймын. Сондықтан, бауырым байқап сөйлейтін бол. Мықты заңгерімін дейсің. Макс Бокаевтың заңгерімін дейсің. Сен мықты заңгер болсаң Макс Бокаев баяғыда бостандықта жүрер еді. Хайп ұстау үшін неге сен маған тиісесің. Мысалыға, Қанат Бозымбаев бауырымның атын атайсың. Ол жігіт халықаралық қазақ күресі федерациясын басқарады. Қазірдің өзінде отызға жуық мемлекеттерде қазақ күресінің федерациялары ашылуына мұрындық болған», - деп мәлімдеме жасады Арман Шораев әлеуметтік желіде.

2019 жылдың 7 қазан күні qazaquni.kz сайтына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ атына ашық хат жарияланған еді. Хат авторлары Ислам Әбішев пен Серік Түкиевті қорғап жатқан адвокаттар Абзал Құспан мен Ерлан МАКЕНОВ.

«Біздің қорғауымыздағы И.А.Әбішев және С.А.Түкиев 14.03.2019 жылы жалалы айыппен қамалғанға дейін «Дүниежүзілік қазақ күресі» Федерациясының (бұдан былай ДҚКФ) президенті, соңғысы вице-президенті қызметтерін атқарған еді. Қорғауымыздағы азаматтардың айтуынша, осыған дейін еліміздің әртүрлі деңгейдегі лауазымды адамдары тарапынан ДҚК Федерациясын өздеріне беруді, сатуды талап етіп, бермеген жағдайда қылмысты болатындарын айтып, қоқан-лоққы көрсету фактілері болған. Олардың қатарында, белгілі кәсіпкер Арман Шораев, Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың аттары аталады», - делінген ашық хатта. 

Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев пен дүниежүзілік қазақша күрес федерациясының вице-президенті Серік Түкеевке Жемқорлықпен күрес қызметі 60 млн теңге көлемінде пар алды деген айып таққан. Олар наурыз айынан бері уақытша тергеу абақтысында отыр.  

Фото: holanews.kz

Мақала авторы:

Думан Бақыткелді

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?