Бишімбаев бостандықта

Сайт Әкімшілігі - 11.10.20192419

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы vlast.kz сайты хабарлады.

Бұл ақпаратты сайт тілшілеріне экс-министрдің туыстары айтқан екен. Сондай-ақ отандық ақпарат құралдарына сотталушының адвокаты Мәди МЫРЗАҒАРЕВ та растаған. 2018 жылдың 14 наурыз күні судья Әділхан ШАХИСЛАМОВ Бишімбаевты ірі көлемде пара алды, өзіне тапсырылған мүлікті ысрап қылғаны үшін кінәлі деп тауып, он жылға бас бостандығынан айырды.

Экс-министр үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі 2017 жылдың қараша айында басталған. Онымен бірге айып тағылған 22 адамның арасында "Бәйтерек Development" компаниясы басшысы Бақыт ЖАҚСЫБАЕВ, басқарма төрағасының орынбасары Аслан ЖАҚЫПОВ та болған. Бас-аяғы жиырма екі адам күдікке ілген еді. Қуандық УӘЛИХАНҰЛЫ  2016 жылы сегіз ай ұлттық экономика министрі болды. 2017 жылдың 10 қаңтарында "топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған" деген күдікпен тұтқындалды. 346 миллион теңге пара алған және 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырған деген айыптар тағылған.

Фото: zhasalash.kz

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

серикбай 11 Қазан, 2019

миллиардтап казақтың байлығын ұрлап шашқандар түрмеден тез шығарады дә, тағы үлкен жұмысқа алады, ұрланбай қалғаны болса тағы жалғастырсын деп ал елге жаны ашып шырылдағандарды аямай соттайды, кәрі-жас баласы бар, әйелдер болса да, бұл сұмдық- бәрібір тоқтайды

Жауап беру