Ақтөбелік мұнайшылар: Қытайлық компания жалақыны көбейтсін

Жанар Қожанова - 11.10.20191638

Бүгін Ақтөбеде қытайлық «Восток нефть» сервистік қызмет көрсететін компаниясының мұнайшылары бұрғылау жұмысын тоқтатып тастады. Таң атысымен компания ғимаратының алдына жүзге тарта жұмысшылар жиналды. Олардың талабы айлықтарын елу пайызға көтеру.

«Талапбымыз айлықты елу пайызға көтерсін. Басқа ешқандай өтінішіміз жоқ,  ешнәрсе бүлдіріп жатқан жоқпыз. Ештеңе сындырып жатқан жоқпыз. Жұмысымыз ауыр. Шахтадан кейінгі ауыр жұмысты жасап отырмыз. Біздер айына  тоқсан мың аламыз. Кейде қолға 120 мың тиеді. Бұл ақша неге жетеді? Қазір бәрі қымбат», - дейді "Восток Нефть" сервистік компаниясының жұмысшысы Нұрлан ШАХИН.

Жұмысшалыр осыдан тура бір ай бұрын ғана талаптарын басшылары мен әкімдікке дейін жеткізген. Алайда сөздерін ешкім құлаққа ілмеген. Содан кейін мұнайшылар бүгін бұрғылау жұмыстарын тоқтатып, енді айлықты көтермейінше жұмысқа шықпаймыз деп отыр.


Оқи отырыңыздар: Қытай азаматтарымен төбелескен жігіттер екі айға қамалды

Наразылыққа шыққан мұнайшылармен кездесуге облыс әкімінің орынбасарынан бастап, еңбек инспекторлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері де келді. Шенеуніктер қытайлық инвесторлармен жұмысшылардың жалақысын жиырма пайызға, ал инженерлердікін сегіз пайызға өсіруге ғана  келісімге келгендерін айтады.

«Бұлардың мекемесі сервистік компания. Сервистік компания болғаннан кейін табыстарыңыз сервиске байланысты. Дәл қазіргі жағдайда 20 пайыздан артық еңбекақыны көтеруге мүмкіндігі жоқ», -  дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ.

Қазір аталған қытай компаниясында 1300 жұмысшы бар. Оның 109 қытайлық азаматтар. Орташа жалақы мөлшері шамамен 220 мың теңге. Екі ел азаматтарының жалақысында айырмашылық жоқ дейді компания өкілдері.

Оқи отырыңыздар: «Екі інімді полиция ұстап алып кетті»

Қытайлық мұнай компаниясының бас директоры Чжан Баоцзюньжиналған наразы топқа кеңсесінен әрең шықты.  Ол қара алтын бұрғылаудан түк пайда таппай, мекемесінің әрең күнелтіп отырғанын айтады. Бірақ бұған мұнайшылардың сенгісі жоқ. Сөздерінше талаптары толық орындалмайынша мұнайшылар алған бетімізден қайтпаймыз деп отыр.


Фотолар автордікі.


Мақала авторы:

Жанар Қожанова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?