Алматыда «Жас қалам» жастар шығармашылық бірлестігі құрылды

Думан Бақыткелді - 11.10.20191083

ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында кітапхананың жанынан құрылған «Жас қалам» жастар шығармашылық бірлестігінің салтанатты түрде ашылу рәсімі және оның төрағасы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратқан Шоқанмен кездесу өтті.

Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, «Жас қалам» жастар шығамашылық бірлестігінің үйлестірушісі  – Орманбеков Таңжарық Нұрмұханұлын таныстырды және сөз кезегін модератор, «Жас қалам» жастар шығармашылық бірлестігінің төрағасы, ақын – Мұратхан Шоқанға берді.       

                       

Сонымен қатар «Жас қалам» жастар шығамашылық бірлестігі төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының академигі – Гаухар Балтабаева мен Қайнар университеті «Журналистика және тілдер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлнар Мұхаметқалиева клубтың ашылуымен құттықтап, оның жұмысына сәттілік тіледі.

Әдеби әлеммен тыныстап болашақ ақын-жазушы болғысы келетін студенттер үшін «Жас қалам» клубы секілді әдеби орта жас қаламгерлердің  шығармашылық қуатын шыңдауға, өсіп-жетілуге өз әсерін тигізетін белгілі. Олар ұйым мүшелерінің жоспарымен танысып өз ұсыныстарын ортаға салды. Ақын әрі бірлестіктің төрағасы Мұратхан Шоқанға әдеби үрдіс жайлы, ақынның шығармашылығы жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасында «Жастар жылы» аясында Алматы қаласының жас дарынды суретшілерінің туындылары қойылған көрменің ашылу салтанаты өтті.   Көрмеге Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерінің туындылары қойылды.        

Көрмедегі көп көрерменнің көңілінен шыққан туындының авторы жас суретші Қабыл Аян:

«Қазіргі кезде түрлі әлеуметтік желінің дамуына байланысты, сурет өнерінің әсіресе пейзаж, портрет картиналардың тарихи естелік ретіндегі рөлі төмендеп сұраныс азайғаны белгілі. Алайда табиғи, қолмен, ой қуатымен еңбектене салынған туындылар өлмейді, қашан да өз иесін тауып жатады», - дейді.

Көркемсурет пен кескінделген мүсін өнерінің көрмесі қала тұрғындары мен қонақтарына және кітапхана оқырмандары үшін қазан айының 18-не дейін жалғасады.

Фотоларды "Жас қалам" бірлестігі ұсынды

Мақала авторы:

Думан Бақыткелді

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды