Сапарбаев та жиендік жасай ма?

Қанат Тілеухан - 15.10.20192943

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шара аясында Ақтаудағы «Дос­тық үйінде» әде­биет және өнер қайрат­кер­лерінің конгресі өткен. Оған ақын-жазушылармен қатар мемлекет қайраткерлері де қатысқан. Сонда сөйлеген сөзінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев белгілі ақын Оңайгүл Тұржанның 2016 жылы «Астана ақшамы» газетіне шыққан  «ПІЛГЕ ТӘН ӨРІС, ПІЛГЕ ТӘН ЖҮРІС КЕРЕК» мақаласының бір бөлігін сол қалпы оқып берген. Вице-премьердің сөзінен үзінді бірнеше ақпарат құралдарына (Inform.kz, tengrinews.kz, mangystaumedia.kz, ult.kz) шықты.

«Шекспирдің шеберлігі мен тереңдігіне бойлаймыз деп ол туралы әлемде әр түрлі тілде 15 мың, кейбір деректерде 25 мыңнан астам көлемді зерттеулер жазылған екен. Оның ішінде тек тіл мамандары ғана емес, оның ішінде психолог та, дәрігер де, саясаткер де, тарихшы да, суретші де, саяхатшы да, музыкант та, геолог та, агроном да, тіпті мал дәрігері мен тіс дәрігері де бар көрінеді.

Әбіш әлемінің лингвистикалық-географиялық-жаратылыстанушылық-адам­тану­шылық-психологиялық картасын толыққанды сызып шығу үшін де осындай деңгейдегі зерттеу жұмыстары керек. Оның дарынын бір ғана филологиялық өлшемдермен өлшеуге келмейді. Оның бір өзі әлемдік университет сияқты болған адам. Мұндай дарындар адамзаттың тарихында сирек кездеседі» деген ақын сөзі Бердібек Мәшбекұлының сөзінде еш өзгеріссіз қайталанады. Өкініштісі Сапарбаевтың сөзін толық жарияламады. Әйтпесе жиендік жасаған мәтіндер біршама шығар ма еді...



Мақала авторы:

Қанат Тілеухан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар