Ислам Әбішев тергеу абақтысында ем қабылдайды

Мадияр Жалғасұлы - 16.10.20191776

Бүгін түстен кейін сағат 15:40-қа жоспарланған Ислам ӘБІШЕВ  пен Серік ТҮКИЕВ ісіне байланысты сот техникалық себептермен кештетіп басталды.

Оқи отырыңыздар: Сотта Ислам Әбішевке медициналық көмек көрсетілді

Судья Ислам АЛМАХАНҰЛЫН  үй қамаққа жіберу өтінішін қанағаттандырмады. Қажымұқан МЕКЕМТАСТЫҢ сөзінше, тергеушілер мен прокурор бұған келіспейтіндерін жеткізген. Судья осы жағдайларды ескере келе, Әбішевтің тергеу изоляторында бір апта ем қабылдап, келесі сот отырысы 23 қазанға дейін шегерілетінін жариялады.

Оқи отырыңыздар: "Ислам Әбішевті 97 мыңға қонақ үйге орналастырдым"

Таңертең күдікті Ислам Әбішевтің денсаулығы нашарлап дәрігерлік көмек көрсетілген болатын. Бұған дейін экс-шенеунік денсаулығына шағымданып, тергеу абақтысындағы жағдайдың ауыр екенін айтқан.

Фото автордікі.

Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.