«Формула-1» трассасына ақша аямаған облыс жол жөндеуге қаржы іздеп жүр

Ербол Ілияс - 18.10.20192736

Алматы облысындағы  жалпы жолдардың  78 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейінде екен. Ал жөндеу көрмеген қалған 22 пайызы – орташа. Өңірде жалпы саны 284 көпір болса, соның 108-і апаттық жағдайда.  Олар алдағы 3 жылда жөнделмек.

Тілшілерге алдағы жылдың жоспарларымен бөліскен Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Бәкірбайұлының айтуынша, биыл облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 20 миллиард 400 миллион теңге бөлінген. Оның 12 миллиарды жергілікті, қалған бөлігі республика бюджеті есебінен берілген. Ол ақшаға облыстық маңызы бар жолдардың 28 шақырымына құрылыс және қайта жаңарту, 60 шақырымына күрделі жөндеу, 193 шақырымына орташа жөндеу және 9 көпірге күрделі жөндеу жасалып жатыр. Биылғы жасалатын жолдардың ұзындығы 360 шақырым. Дегенмен, басқарма басшысының сөзінше, Алматы облысындағы жолдарды толық жөндеп шығу үшін әлі де қомақты қаражат керек.

–Облыстағы жолдардың бұзылуы оларды қалпына келтіруден жылдам жүріп жатыр. Яғни, біз жолдарды жөндеп әлекпіз. Ал олардың бұзылу процесі алдымызды орап тұр. Қазіргі біз сұрап отырған ақша жолды жөндеуге қажет соманың 40 пайызын ғана құрайды. 2006 жылдары облыс жолдарын жөндеуге ақша берілмейтін. Тек күтіп ұстауға ғана 1-ақ миллиард теңге бөлінетін. Келесі жылы 531 шақырым жолды жөндеуге бюджеттен 30 миллиард теңге сұрап отырмыз–-дейді Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан ЖАСЫБАЕВ.

Талдықорғанда өткен халықаралық инвестфорумда облыс әкімі жылына бір мәрте өтпек «Формула-1» жарысының  трасса құрылысы аяқталуға жақын деген еді. Жалпы, «Формула-1» трассасының ұзындығы 7 шақырымнан аспайды. Осы 7 шақырымдық трассаны салуға облыс әкімінің сөзімен айтсақ, 74 миллард теңге жұмсалған. Ал тиісті басқарманың басшысы 531 шақырым (!) жолды жөндеуге 30 миллиард теңге сұрап жүр.

Алматы облысындағы автомобиль жолдарының ұзындығы  – 8960 шақырым. Оның 2822-і республикалық, 6138-і облыстық маңызға ие.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында 35 шақырым жол 2 жыл бойы жасалып келе жатыр



Мақала авторы:

Ербол Ілияс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Ұқсас жаңалықтар