Шенеуніктерді кім тағайындайтынын Берік Уәли айтты

Думан Бақыткелді - 21.10.20192678

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қатысты пікір білдірді.

Жуырда мемлекет басшысы қол қойған заң БАҚ мен әлеуметтік желіде бүгін қызу талқыланды. Тоқаев қол қойған заңға сәйкес Назарбаевтың келісімімен тағайындалатын лауазымдар: Бас прокурор, Ұлттық банктің төрағасы, ҰҚК басшысы және министрлер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімі, Президентке бағынатын және есеп беретін орган басшылары. Бұларды Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасымен келісе отырып тағайындауы тиіс.

Берік Уәли БАҚ-ның  өтінішіне орай «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» президент жарлығына түсініктеме беруді ұйғарыпты.

«Осы құжат БАҚ беттерінде түрлі пайымдар мен пікірлер туғызды. Менің ойымша, бұл Президенттің «кезекті» Жарлығы. Бұл құжатқа 2018 жылғы шілдеде қабылданған Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заңның ережелеріне сәйкес қол қойылды. Аталған алқалы органның өкілеттілігін күшейту заңға сәйкес қарастырылады. Ал оны Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өмір бойы басқарады.
Мемлекеттің лауазымды тұлғаларын тағайындау туралы келісім тәртібі іс жүзінде Президенттің барлық кадрлық мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді. Елбасының өзі «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында: «Тоқаев менімен ақылдасады. Бірақ өзі шешім қабылдайды» деген болатын. Президент Конституция бойынша еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы және ол Үкіметті жасақтайды. Мемлекет басшысы – облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті мәслихаттардың келісімдерімен тағайындайтын жоғары лауазымды тұлға. Сондай-ақ Президенттің құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-48 баптарында анық көрсетілген»,
- деп жазды Берік Уәли facebook.com парақшасында.

Фото: news.myseldon.com

Мақала авторы:

Думан Бақыткелді

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.