Қазақстанда құс тұмауы жоқ

Думан Бақыткелді - 22.10.20191893

Ертеректе адамдар үшін аса қорқынышты емес деп саналған құс тұмауы осы ғасыр басында мутациялық өзгерістерге ұшырап, құстан өзге жануарларға ғана емес, адамдарға да жұғатын болды. Соның салдарынан қаншама адам ауырды, қаншасы қаза тапты. Әзірге Қазақстанда құс тұмауынан қайтыс болған адам тіркелген жоқ. Десе де, Қазақстан халқы бұл індет жайлы жақсы біледі. Өйткені, 2000 жылдары көрші Қытай еліндегі аурудың жаппай таралуы салдарынан бірнеше адам ауырып, бірнешеуі қайтыс болған. Сол кездерде құс етін дұрыс пайдалану, арнайы мөр басылмаған құс, мал еттерін алмауды, әсіресе, ауру ошағы саналатын Қытай, Индонезия, Вьетнам, Камбоджа, Пәкістан, Корея, Таиланд, Тайвань және Жапония елдері континенттік жағынан бізден соншалық қашық емес. Және бұл елдер ішінде сауда-саттық қана емес, азық-түлік алмасу жұмыстары да көп жүреді. Оның үстіне, құс тұмауы құстардың ұшу жолы бойынша да таралады. Осыны ескерсек, біздің елімізде құс тұмауының таралу қаупі жоғары болған. Дегенмен, дер кезінде дабыл қағылып, уақтылы қимылдағанның арқасында бұл індетті айналып өтудің мүмкіндігі туды.

Енді, ауру ошағы Азия мемлекеттері болғандықтан, қазақстан сол елдердің ортасында отырғандықтан өзге әріптес елдер бізбен сауда-саттықты мүлде тоқтатып тастамаса да, байқап-байқап қатынас жасайтын болған. Әр өніміңді бір шоқып, екі қарап дегендей, сақтықпен алатын. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының ішінде ет, құс етін өндірумен айналысатын біздің ел үшін біраз кедергілер жасағаны анық. Әйтсе де, уақыт өте келе Қазақстанның өніміне деген сенім құалпына келе бастады.

Құс тұмауы негізінен жабайы құстар арқылы таралып, үй құстарына ғана емес, жылқы, шошқа сияқты жануарларға да жұғады. Бұл адам денсаулығына қауіпті екенін айттық. Дегенмен, қазірге дейін әлемде бұл аурумен ауырып, көз жұмғандар саны мыңдап, миллиондап саналмайды. Алғашында абайсызда, адамға жұғады деп білмегендіктен уақыт өткізіп алған елдер, көп ұзамай бұл аурудың алдын алды. Мәселен, 2003 жылдан бері бұл аурумен 100-ден аса адам ауырса, оның тең жартысына жуығы қайтыс болған. Демек, таралу аймағы аз болғанмен, бір жұқтырған адамның оңалуы қиын деген сөз. Осындай жағдайлардың салдарынан жоғарыда аталған елдерде миллиондаған үй құстары өртеліп, залалсыздандырылды. Бұл, әрине, қауіпсіздік үшін керек. Дегенмен, қаншама құстың шығынын есептемегенде, осы жағдайдан кейін бұл елдерден құс, мал етін алу біршама қиындаған. Яғни, қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Десе де, ара-тұра әлемнің әр түкпірінен шаң беріп қалатын бұл қауіпті аурудың қаупі сейілді деп айту қиын. Сол себепті, қазір ет өнімдерін, оның ішінде құс етін сатып алуды әлем абайлап саудаласады.

Қазақстандағы ұзақ жылғы қауіпсіздік шаралары текке кеткен жоқ. Ақыры Қазақстан дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының шешімімен құс тұмауынан таза ел деп танылды. Бұл мәлімет дүниежүзілік жаунуарлар денсаулығын сақтау (МЭБ) ұйымының ресми сайтында жарияланды. Бұл жақсы жаңалық Қазақстанның құс шаруашылығына, ет шаруашылығына серпін береді деуге болады. Өйткені, жоғарыда аталған түрлі кедергілер мен, оңды-солды тексерістер тоқталады. Қазақстаннан шыққан тауар діттеген жеріне контрабанда мен өзге қауіпсіздік шаралары болмаса, залалсыздық жағынан еш кедергісіз жетеді.

Мамандар бұл Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметінің жолға қойылғанын көрсетеді дейді. Одан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің жоспарлы түрде бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесі. Қазақстан агроөнеркәсібінде құс шаруашылығының орны ерекше. Демек енді бұл бағыттағы жұмыртқа және ет өнімдерінің саудасы қыза түседі деуге болады. Бұл жақсы жаңалық әлемдік сауда айналымында да Қазақстанның имиджін жақсартады. Жаңа нарықтарды ашу мәселесі сөз болып жатқанда, мұндай жаңалықтың жаңа мүмкіндіктер сыйлайтыны анық.

Фото: turkystan.kz

Мақала авторы:

Думан Бақыткелді

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды