Суда қалған үйдің сылағы ғана түсе ме?

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.04.2018367

Жергілікті атқарушы биліктің қолдан жасаған жарылысының салдары онсыз да тұрмысы ауыр тұрғындарды тығырыққа тіреп бітті. Ал келген шығындарды есептеуге тиісті эксперттік компаниялар бүлінген баспаналарға қатысты шешімдерін шығаруға үлгермей жатыр. Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ Семейге келіп кеткен сапарынан да айтарлықтай оң нәтиже байқалған жоқ. Ертістің оң жағалауындағы Пристань ауданындағы Портовая көшесінде тұратын зейнеткер Сапарғазы ЕРҒОЖИННІҢ баспанасы да адам аярлық күйде. Бағалаушылардың жолын тосып зарығып жүрген зайыбына еріп босағасынан аттағанымда көз жанары көрмейтін қарт төсек тартып жатыр екен. "Он жылдан бері I топтағы мүгедекпін. Өздігіммен жүріп-тұрудан қалғанмын. Су тасқыны болғалы бері дәрігерлердің келуі де сиреді. Көз жанарым глаукома ауруына ұшыраған. Көзге тамызатын дәріні әкеп беруге уәде берген дәрігердің жолына қарағалы төрт тәулік өтті. Расын айтсам, біз қамқорлықтан тыс қалдық. Үш қызым да тұрмыс құрып кеткен. Келген күнде де үй ішін ретке келтіріп беруге шамалары келмейді. Әрқайсының өз бала-шағасына қараудан аспайтын тірліктері бар. Үйдің жағдайын көріп, келген шығынды есептеп беретін комиссия әлі бізге бас сұққан жоқ. Зейнетақымызды айдың ортасында аламыз. Азық-түлік атаулыдан кеше жарымның қолына тигені бір келі жарма мен «паста-мама» деп аталатын пакеттегі жасанды тамақ. Қалалық әкімдік әдейілеп осындай азық жібермеген шығар. Бірақ, осындай қиын жағдайды пайдаланып дүкендегі өтпей тұрған азық-түлік түрлерін жіберіп отырған көлденең адамдардың да көмек берушілердің арасында жүргені анық. Жағы қаусап, тісі түсе бастаған біздей қарттарға ғана емес, су өтіп дірдек қаққан кез-келген адамға құнарлы тағамдар беру керектігін біле тұра осындай іске барғандарын көрген соң, көмектен де көңіліміз қалды",- дейді өмір жолын ұстаздықпен өткізген ардагер С. Ерғожин. Ал бұл ауданға қарсы бетте, сол жағалаудағы Бобровка елдімекенінде тұратын  Маржан АБЫЛҚАСЫМОВАНЫҢ бүлінген үйлерге келген бағалаушылардың жұмысына көңілі толмайды. - Әкімдіктің келген адамдары үйімнің жарылған қабырғасын көріп тұрып, «жай сылағы түскен» дейді. Шын мәнінде жай өзім жамап-жасқап қойған болатынмын. Ал зер салып қарсаңыз, үйіме су 70 сантиметрге дейін кіріп кеткен. Киім түгел суға ағып кетті. Біреудің кроссовкасын киіп жүрмін. Баратын жерім жоқ. 42 мектепті паналаған болдық. Қазір енді сабақ жүріп жатыр, амалсыз үйімізге оралдық. Шешімнің шығуын күтуімді айтқан. Бірақ, оның қай күні шығатыны туралы үндемей кетті. Ертістегі мұз жару салдарынан үйлеріне зақым келген тұрғындар қанша тағатсыздана күтсе де жергілікті атқарушы билік сәуірдің соңынсыз келген шығындарға қатысты ештеңе ашып айтпайтын сияқты.  Қалалық әкімдіктің тұрғындарға таратқан жадынамасында: «Жергілікті атқарушы органдардың сәйкестендірілген шешімі қабылданғаннан кейін 30 күн ішінде зардап шегушілерге төлемдер жүзеге асырылады» деп көрсетілген. Бірақ, апат орын алғалы 2 аптадан асса да баспанасын су алған отбасылар «жаңа үй бере ме, жоқ па?» деген сұраққа жауап ала алмай басы қатып жүр. Аякөздіктердің біразын апта өтпей жатып, жаңа баспанаға кіргізіп қуантып кеткендегідей қарқын өңір басшысы Ахметовтен қазір байқалмайды. Семейдің бірқатар аудандарын су алып кетуі қолдан жасалғанын мойындап, кінәлілердің жазасы қалмайтынын мәлімдеген облыс әкімінің бұл тұрғыдағы ұстанымы да әзірге белгісіз. Қала әкімі Ермак СӘЛІМОВТІҢ су тасқыны туындатқан мәселеге қатысты журналистермен өткізетін брифингі де «жабулы қазан жабулы» күйінде қалды. БАҚ өкілдеріне әкімнің баспасөз мәслихатын өткізетінін айтқан әкімдік қызметкерлері  енді оның күнін белгілей алмай әлекке түсіп жатыр.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Семей қаласы.

 

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды