Жеңіске жеткен Қанат президент Тоқаевқа алғыс айтты

Алмас Нүсіп - 26.10.20193835

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат ИСЛАМ кезекті жеңісіне жетті. Ол намибиялық Уалтер КАУТОНДОКВАМЕН рингке шыққан еді. Бәске WBO International белбеуі тігілді.

Қанаттың бұл жолғы қарсыласы WBO рейтингінде 9-орында жайғасқан. Соңғы жекпе-жегін әлем чемпионы атағы үшін өткізген. Африкалық Уалтер бұл күнде АҚШ-та жаттығады. 34 жастағы бұл боксшының кәсіпқой бокста үлкен жетістігі жоқ.

Қанат Ислам бұған дейінгі екі жекпе-жегінде Қазақстанда өткізген. Балуан Шолақ спорт сарайын қазақ боксшысын қолдап қала әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ та келді. Және чемпиондық белбеуді тапсырды.

Қазақстандық боксшы бұған дейін 26 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіске жеткен. WBA бойынша 1-орын, IBF бойынша 3-орын,  WBO бойынша 2-орын, ал жалпы BoxRec рейтнигы бойынша 35 орында.

Жекпе-жектен кейін сөз алған қазақ спортшысы президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа алғысын білдірді. Және бұл жеңісін спорттағы барлық бапкерлеріне арнайтынын айтты. 

Фото: inform.kz

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.