1 миллиард доллар кезекті рет ойын-сауыққа кетпек

Есдәулет Қызырбекұлы - 31.10.20194075

Елордада құны 1 миллиард долларды құрайтын көпсалалы туристік  аймақ салынбақ.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ «Ellington Propertios Developmet LLC» компаниясының директоры Джозеф ТОМАСПЕН аталмыш құрылыс жобасына байланысты келіссөздер жүргізді. Келіссөздер «Астана» халықаралық қаржы орталығында өтті.

Жоспар бойынша, туристік аймақта жылдың кез келген мерзімінде жұмыс істейтін ойын-сауық орталықтары болады. Жобаның жалпы құны 1 миллиард долларды құрайды.

Билік жыл басынан бері ел бойынша әлеуметтік мәселелерге байланысты өтіп жатқан наразылық акцияларына қарамастан, осы сияқты жобаларды жүзеге асыруын жалғастыруда. Мысалы, дәл осы Нұр-Сұлтан қаласындағы даулы ЛРТ құны 1,2 миллиард доллар болған. Қазіргі уақытта оның құрылысы тоқтап тұр.

Фото: liter.kz


Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.