АҚШ пен Қазақстан арасы жап-жақын

Сайт Әкімшілігі - 31.10.20191081

1 қараша күні Алматы қаласының «Mega-Almaty» сауда-ойын-сауық орталығында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді.

Шараның ашылу рәсіміне АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы – Эрик Майер,  мәдениет пен білім бойынша атташе орынбасары – Стефани Страваче сынды консулдық өкілдері, «National Geographic Qazaqstan» журналының шеф-фотограф Ерболат Шадрахов пен жарнама бөлімінің директоры әрі аталмыш көрменің жетекшісі Бибігүл Имомбаева мен өзге де арнайы шақырылған қонақтар қатысады.

  Аты айтып тұрғандай көрменің негізгі мақсаты – АҚШ пен қазақ елі арасындағы экономикалық, географиялық, тарихи һәм мәдени ұқсастықты қалың көпшілікке таныстыра отырып, қос елдің айнымас серіктес, бірлігі бекем әріптес екенін жеткізу.

Ұйымдастырушы - «National Geographic Qazaqstan» журналы мен «Qazaq Geography» РҚБ.


Асау үйрету мен Родео 


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.