Қарағандыны биыл да су басты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 27.03.2018477

Қарағанды облысының тұрғындарына күн сайын су қаупі туралы ескерту жариялануда. Өткен аптаның өзінде көп мөлшерде жауған жаңбырдан облыстың үш елді мекенін су басты. Атап айтқанда, Теміртау, Абай қалаларымен Бұхар Жырау ауданына қарасты Көкпекті аулының 12 үйіне су кіріп, Қарағандының өзінде 6 тұрғын үйге тобықтыдан асатын су кірген. «Он жеті жылдан бері ешқашан үйімізге су кірмеген. Енді міне барлық жиһаздарым суға кетті. Бұл үшін ешкім жауап та бермейді. Менің алатын зейнетақым азығымнан артылмайды. Кім енді қалпына келтіреді» деп зар жылаған Ольга ШАТОХИНА Қазыбек би аудандық әкімшілігіне кешкілік төрттер шамасында хабарлаған. Түңгі үштерде көмекке келген құтқарушылар  еш нәрсе жасамаған. Тек ертенінде ауладағы суды сорып кеткен. Көршілес Бақыт АСЫЛХАНОВАНЫҢ пешіне су тигеннен істен шыққан. Ызғар әлі болатынын білетін ол, енді алдағы уақыттарда баспанасын қалай құрғатарын білмей дал. «Қымбатқа сатып алған апталап жанатын пеш кетті. Әлі үш- төрт ай  суық болады. Сонда мен не істемекпін. Ерте хабарластық, түнде бірақ келді. Ол кезде су үйімізге кіріп үлгерді. Құтқаруға келгендер үш метрлік шлангі ғана алып келген. Онымен қалай су сормақшы. Салғырттық барып тұрған». Құраманғазы көшесінде былтыр көше жолын жөндеген. Алайда, ескі арықтардың орнын жауып, орнына жаңасын салмаған. Мұны әкімшіліктегі қадағалау бөлімі мойындайды. «Былтыр жолды салған комапния арықты салмай кеткен. Бұл деген үлкен қателік. Енді алдағы жылы кепілдік мерзімі біткен жоқ. Сондықтан аталған компанияға кемшілікті жөндетеміз», -  деген Қали ОРАЗБЕКОВ Қарағанды қаласы абаттандыру бөлімінің жетекшісі кемшілікті бүгін ғана аңғарып тұрғандай. Сонымен қатар,  төрт көлік жолын су шайды. Қарқаралы мен Бұхар Жырау аудандарында жол ашылғанымен,  Ынталы  - Бесоба және Талды – Ақбай – Қызылбай жолдары осы күнге дейін жабық. Қазгидромет басшылығы түнде су қатқанымен қауіптің барын жоққа шығармады. -Облыста ескерту жарияланды. Қардағы артық судың мөлшері 141 млн кубты құрап отыр. Алайда, деңгей азайғанымен судың тасу қауіпі сейілген жоқ. Жер үйлер мен көлік жолдарын шаю мәселесі өзекті. Ол үшін жергілікті әкімшілік жұмыс жасап жатыр, - дейді Роман АНДРИАНОВ Қарағанды облыстық «Қазгирдромет» филиалының директоры. 

Айман Сағатай, Қарағанды облысы

Фотолар автордікі

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды