Тоғыз айда тоғыз кооператив құрылды

Оралхан Дәуіт - 30.10.2019611

Өткен жылы Жамбыл облысының Шу ауданында ауылшаруашылығы саласынан түскен өнім көлемі 34 млрд 236 млн 900 мың теңгені құраған еді. Енді биыл өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд 765 млн 500 мың теңгеге жоғары болып, жоспар 116,8 пайызға орындалды.

Жалпы алғанда Шу ауданы аумағының жер көлемі - 1203030 гектарды құрайды, оның 146800 гектары егістік, оның ішінде суармалы егістік 32722 гектар, көп жылдық екпелер - 584 гектар, шабындық - 5486 гектар, жайылымдық - 926136 гектар.

2019 жылдың тоғыз айында ауданның агроқұрылымдары 497,3 миллион теңгеге 56 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды, оның ішінде лизинг тәсілімен 219,5 млн. тенгеге 19 дана, өздерінің қаражаттарына 37 дана техника 277,8 миллион теңгеге алынды.

Ауданда 2018 жылдың қорытындысымен 8 ауылшаруашылығы кооперативі тіркелген. Оның алтауы нәтижелі жұмыс атқаруда, екеуі несие ала алмауына байланысты жұмыстары уақытша тоқтап тұр. 2019 жылы Шу ауданы бойынша 15 кооператив құру жоспарланған. Оның екеуі сүт бағытында, он екісі ет бағытында, біреуі егін шаруашылығы бағытында. Аталған кооперативтердің сүт бағыты бойынша Ақсу, Төле би және Өндіріс ауылдық округтерінде 3 кооператив, ет бағыты бойынша Ескі Шу және Көкқайнар, Бірлікүстем, Тасөткел, Қорағаты ауылдық округтерінде 5 кооператив, егін шаруашылығы бағыты бойынша Бірлікте 1 кооператив құрылды.

Ауданда 7 мал бордақылау алаңы және қой шаруашылығы бағытында - 7, жылқы шаруашылығы бағытында – 1 асыл тұқымды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жұмыс жүргізуде. Шу ауданы бойынша су үнемдеу технологияларын қолдану көрсеткіші 3405,5 га, оның ішінде тамшылатып суару жүйесі 3365,5 гектар, жаңбырлатып суару жүйесі 40 гектарды құрап отыр.

Бүгінгі күнге Шу ауданы бойынша 4 фермерлік жылыжай жұмыс істеуде. Ауданда 3 су қоймасы (Тасөткел, Ақсу, Сарғау), 5 су бөгеті (Тасөткел, Бұланбай, Көкөзек, Алтай, Қайыңды) орналасқан. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінің теңгерімінде 3 магистральды канал (ТМК, ЛМК, ПМК) және осы магистральды каналдардан бастау алатын 93 шаруа аралық каналдар орналасқан.

Ал, жер қатынастары бойынша айтар болсақ, 2019 жылдың 9 айында конкурс арқылы ауыл шаруашылығы айналымына 18625,41 гектар жер телімдері енгізілді. Оның ішінде 1329,726 гектар егістік, жайылымдық жер 17295,68 гектар. Биылғы жылдың тоғыз айында аудан бойынша 639,96 гектар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерді сауда-саттыққа шығару жөнінде 2019 жылдың 9 айында 4 аукцион ұйымдастырылып, 8 409,9 мың теңгеге 15 жер телімі сатылды.

Фото: syrboyi.kz

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.