Ислам Әбішев ісі: «Параны ...қорыққанымнан бергім келді»

Мадияр Жалғасұлы - 01.11.20193813

Астанадағы ауданаралық сотта қаралып жатқан экс-шенеунік Ислам ӘБІШЕВ пен Серік ТҮКИЕВТІҢ ісі бойынша куәгер Азамат ШАЙМЕРДЕНОВТЕН бүгін кезекті рет жауап алынды. Сот отырысының басында адвокат Абзал ҚҰСПАН өз қорғауындағы Ислам АЛМАХАНҰЛЫНЫҢ кеше соттан кейін жүрегі қысылып, қалалық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алғанын айта келе, алдағы уақытта тергеу изоляторында жатып ем қабылдау үшін өтініш берді. Судья Қ.МЕКЕМТАС өтінішті қабылдаған соң, куәгер ШАЙМЕРДЕНОВКЕ адвокаттар іс бойынша сұрақтарын қойды.

Куәгер бұл жолы да қойылған сұрақтарға ашық жауап бермеді. Серік ТҮКИЕВТІҢ адвокаты Ерлан МӘКЕНОВ ШАЙМЕРДЕНОВКЕ іске қатысты сауал қойғанда, прокурор СҮЛЕЙМЕНОВ оның сөзін бөле берді. Осыдан кейін судья адвокат пен прокурорға сөз жарыстырып қалғандары үшін ескерту жасады.

   – Мен Әбішевке параны «СМП 610»  ЖШС-не қатысты келісімшартқа қол қоймай ма деп қорыққанымнан бергім келді. Оның үстіне ол маған қысым көрсетті.  Бұрын қаржы полициясында жүргенде мұндай істерге араласып көрмегем, – деп қысқаша жауап берді Азамат ШАЙМЕРДЕНОВ.

 Өз кезегінде айыпталушы Әбішев пен Түкиев куәгерге сұрақтар қойғанымен, куәгер әдетінше жауап бермей  «ұмытып қалдым, білмеймін» деумен шектелді. Мысалы, Ислам ӘБІШЕВ жыл басында жүздескен күндерін атап, арасында болған әңгімені мысал ретінде келтіріп, "мен сол кезде сенен ақша сұрадым ба" дегенде "есіме түсіре алмаймын" деп жауап қайтарды. Серік ТҮКИЕВ "Monaco" қонақүйінде кездескен сәттеріндегі сөздер де куәгердің есінде болмай шықты.

Осы жағдайдан соң адвокаттар  «сотқа жауап беруден жалтарды»  деген айыппен азаматқа жаза қолдануды өтінді.

Кешегі сотта өзін атып өлтірген азамат Өмірбек ЖАМПОЗОВТЫҢ баласы Асылжан ЖАМПОЗОВ жауап беруге келіп, тергеушілерден  қысым көргенін айтқан еді.

Оқи отырыңыз:  Әбішев ісі: Асылжан Жампозовқа қысым көрсетілген

Ал 28 қазан күні Шаймерденов сот төрағасына «Ислам ӘБІШЕВТІҢ адамдары маған қауіп төндіріп жүр» деп шағым жасаған еді. Адвокаттар бұл арызды сотқа қабылдамауды өтініп, оның үстіне куәгер осылай жауап бермей жүре берсе,  қылмыстық істі қарау 1 айсыз аяқталмайтынына тоқталды. Судья өтініш-шағымдардың жауабын кейін жариялайтынын мәлімдеді.

Келесі сот отырысы 6 қараша күні жалғасады.

Естеріңізге сала кетсек, су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы 63 жастағы Ислам ӘБІШЕВКЕ 60 миллион пара алуға оқталды деген айып тағылған.

Ислам ӘБІШЕВ 2012 - 2013 жылдары және 2014 жылдан 2019 жылдың наурызына дейін ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

 

Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Ұқсас жаңалықтар