Алматыда «Халық Құрылтайының» отырысы өтті

Сайт Әкімшілігі - 04.11.2019589

Бүгін Алматы қаласында «Халық Құрылтайы» ұйымдастыру тобының отырысы өтті. Отырысқа Балташ Тұрсымбаев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Хасан Қожахмет, Марат Тоқашбаев, Ермұрат Бапи, Жанболат Мамай сияқты азаматтар қатысты.

Жиын барысында сөз сөйлеген саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы «Халық құрылтайының» форматы қазіргі жағдайда ең тиімді екендігін айтты. Оның пікірінше, дәл қазір халық бейбіт митингіге шығуға дайын емес және «Халық құрылтайы өкілдері» осыған байланысты ағарту жұмыстарымен айналысуда.

Құрылтайдың Шымкенттік өкілі Шаруа Пірматтің пікірінше, «Халық құрылтайы» осы уақытқа дейін нақты жұмыс атқармады. Құрылтайдың нақты құрылымы жоқ.

«Бастапқыда «Халық құрылтайы» биліктің «Қоғамдық сенім кеңесіне» балама болады деген жоспар болған. Бірақ біз қазір соған балама болатындай жұмыс істеп отырған жоқпыз. Бізге белсенді жұмыс істеу үшін тұрақты қызмет атқаратын штаб құрылуы тиіс. Құрылтайдың жұмысын жұртқа жеткізу қажет» - деді Шаруа Пірмат.

Пірматтан кейін сөз алған саясаткер Балташ Тұрсымбаев: «Бізде азаматтар бір-бірін жамандайды. Жанболат Мамайды қазір елдер сынайды. Құрсын партия, жұмыс істесін жігіттер. «Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесі» деп жатыр. Біз одан жоғарымыз. Оның мүшелерінің тең жартысы жемқор» - деді.

Жиын соңында ұйымдастыру тобы алдағы уақытта өтетін «Халық Құрылтайының» тақырыбын бекітіп, талқылайтын мәселелер тізімін бекітті. Оның ішінде «Қытай экспанциясы», «адам құқықтарын қорғау» мәселелері бар.

Бұған дейін «Халық Құрылтайы» елорда және Алматы қалаларында өткен. Ол кезде құрылтай өкілдері «Қытай экспанциясы», «алда келе жатқан парламент сайлауы», «бейбіт митинг өткізу» мәселелерін талқылап, осыған байланысты билікке талаптар қойған.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.