Шенеунік һәм депутатқа айналған журналистер

Асмира Ермекқызы - 05.11.20191532

Көкейіндегі балғын арманы журналистикаға сүйреп келген кей бозбалалар қазақ қара сөзінің қара нарына айналып, қасқайып алдымызда жүрді. Сөзімен үлгі болды, өнеге көрсетті. Ал сол арманымен ентігіп журфактың табылдырығын аттағандардың кейі аты шығып, атақ алған соң өзгеше сүрлеуге түсті. Әкімнің баспасөз хатшысы болды, партияның, президенттің баспасөзін басқарды. Тіпті, депутат, әкім орынбасары болып, қып-қызыл шенеунікке айналғандары да жоқ емес. Ендеше солардың бір парасын мәртебелі оқырманға ұсынып көрейік.

Берік Уәли Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында "Кинотанушы" мамандығы бойынша оқыды. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, гуманитарлық-заң инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған.

"НТК", "Таң" телеарналарында тілші, жауапты, бас редактор қызметтерін атқарған. Qazaqstan арнасында тележүргізушісі, "Нұр Медиа" сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Қазір президенттің баспасөз хатшысы.

Оқи отырыңыздар: Әкімнен әкім туады

Ержан Байтілес Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді іргелі басылымдарда жұмыс істеген. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қазір президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

Бағлан Майлыбаев 1996-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. «Казрпавда», «Заң» газеттерін басқарған. Экс-президент Назарбаевтың баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы болған. 2011-жылдың қазан айында Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалған. Алайда 2017 жылдың, Республика бюджетінен 1,3 млрд тенге жымқырған, әрі мемлекет құпиясын жайды деген айыппен 12-ші қаңтарда қызметінен босатылып, екі күннен кейін қамауға алынып, кінәсі анықталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Оқи отырыңыздар: Сенімнен айырылғандар

Бейсен Тәжібаев. «Шымкент-ақпарат» компаниясының журналисті болып қызмет жолын бастаған. Бүгінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Айдос Үкібаев 1997 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы, алдыңғы президенттің баспасөз хатшысы болған. Қазір де экс-президент Назарбаевтың баспасөз хатшысы.

Артур Платонов негізінен музыкант. Мәскеудегі чкйковский атындағы конверватоияны бітірген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық конверваториясында сабақ берген. «КТК» арнасында сценарист, тележүргізуші болған. Осы арнаны басқарған. Парламент Мәжілісінің депутаты.

Оқи отырыңыздар: Әкесі шенеунік болған шенеуніктер

Нұртөре Жүсіп С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттіки университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Павлодар облыстық қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінің агроөндірістік бөлімінің тілші болып бастаған. Осы газетте «Көлік және коммуникация» бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. «Егемен Қазақстан» газетінің «Экономика» бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, кейін бас директоры болған. «Жас Алаш», «Ақжол Қазақстан», «Астана хабары», «Айқын» газеттерінің бас редакторы болған. Қазір Парламент Сенатының депутаты. Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі Ержан Байтілестің ағасы.

Дана Нұржігіт те әріптесі Артур Платонов сияқты музыкалық білім алған. Алайда ол салада қызмет етпеген. Тележүргізушілік қызметін 24 жасында «Хабар» арнасында бастаған Дана Нұржігіт осы арнада 17 жыл еңбек еткен. Кейін «Қазақстан» арнасынның «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі ретінде мәлім. Қазір Парламент Сенатының депутаты.

Оқи отырыңыздар: Биліктегі ақын-жазушылардың балалары


Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды