Мүсіреповтің махаббаты

Қайсар Қауымбек - 05.11.20192853

Бүгін таңертең театр және кино актрисасы Раиса МҰХАМЕДИЯРОВА дүниеден озды. Биыл сексен жасқа келген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 1939 жылы 11 шілдеде бұрынғы Семей облысына қарасты Көкпекті ауылында дүниеге келген еді.

Раиса МӘЖИТҚЫЗЫ көпшілікке Абдулла ҚАРСАҚБАЕВТЫҢ «Менің атым Қожа» картинасы арқылы кеңінен танылды. Мұғалім Қадиша МАЙҚАНОВА рөлін сомдаған актриса «Балалық шаққа саяхат», «Балам менің», «Бұғы адам», «Найзатас етегінде», «Қанабек», «Айсұлу туралы ертегі», «Желкен», «Менің әпкем», «Түнек әміршісі», «Ән шақырады» атты фильмдерде де ойнаған. Құрмет орденінің иегері.

Актрисамен қоштасу 7 қараша күні Ғабит МҮСІРЕПОВ атындағы театрда болады.

Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

Қайсар Қауымбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.