Мәмбет Қойгелді. Өз жерімізге өзіміз иеміз бе? (Видео)

Бағашар Тұрсынбайұлы - 05.11.20192639

«Жас Алаш» YouTube каналындағы  жаңа сұхбат алаңы  – «Алдыңғылардың әңгімесінде» тарих ғылымының докторы, академик Мәмбет ҚОЙГЕЛДІГЕ төр ұсынды.  

Ананың қайғысы не деген ауыр қайғы... Маған Азамат (халық әртісі Қасым ЖӘКІБАЕВТЫҢ совет билігіне қарсы шыққан ұлы)  жазған ең соңғы төрт-бес жол өлеңін берді. Сонда Азамат: «Мен ауруханада жатқаныма бәленбай жыл болды. Мен терезенің алдына келіп қонған торғаймен ғана сырласамын. Соған қарап, бостандықтың не екенін түсінемін», – дейді.
**
40-жылдары ӘУЕЗОВТІҢ МҰҚАНОВҚА жазған хаты бар. Сонда: «Сейфуллин екеуіңнің қазақ әдебиетіне жасаған қиянаттарың ешқашан ұмытылмайды. Ол айтылатын болады» дейді. Ал қазір соны айтатын заман келді.
 **

Біз азаттық алғанда халық Алаш идеясын бірден бауырына басты. Жақсы қабылдады. Сол арқылы өзінің кім екенін анықтауға тырысты. Осы кезде билік, президент ұлтты қолдауы керек еді. Осы рухани күйге жол ашуы керек еді. Бірақ билік уақытты жіберіп алды. Бұл оның үлкен қателігі болды.  

Сұхбатты толық көру үшін YouTube арнамызға өтіңіз!



Мақала авторы:

Бағашар Тұрсынбайұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.