Ағаш егіп, орман өсіру міндеттелді

Асмира Ермекқызы - 05.11.2019558

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар ағаш егіп, орманды алқап өсіруге міндетті болды. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтің хабарлауынша,  жаңа міндеттеме агроөнеркәсіптік кешенді реттеуге қатысты өзгеріп, толықтырылған заңда арнайы көрсетілген.

 «Жер қойнауын пайдаланушыларға уран өндіруде орманға ағаш отырғызу бойынша міндеттеме берілді. Олар өздері пайдаланған аумақтан екі есе үлкен аумақ орманға айналғанша күтіп-баптауы тиіс. Одан бөлек, мемлекеттік орман қорының жері пайдалы қазбалар өндіру субъектілеріне ауысқанда, бұл учаскеден 2 есе үлкен аумаққа орман дақылдарын отырғызып, 3 жыл күтіп-баптау міндеттемесі көзделген», – деді Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ерлан Нысанбаев айтып отырған агроөнеркәсіптік кешенді реттеу заңына мемлекет басшысы қол қойды.


Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар