Погба Нұрсұлтанға қонаққа келмейді

Асмира Ермекқызы - 06.11.2019872

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасының жартылай қорғаушысы Поль ПОГБА жарақатына байланысты команда сапынан шығып қалды. Бұл туралы бас бапкер Уле-Гуннар СУЛЬШЕР хабарлаған. 

Вести сайтының жазуынша, Погба қазан айының басында жарақат алған. Соңғы рет алаңға 30 қыркүйек күні Арсеналға қарсы ойында шыққан. Биылғы маусымда әлем чемпионы алты гол соққан. 

«Погбаны желтоқсанға дейін алаңда көреміз деп айта алмаймын. Оған толық сауығып шығу керек. Мен дәрігер емеспін. Алайда оның жарақатын ем-домды қажет етеді. Шеффилд Юнайтедпен болатын кездесуге дейін қатарымызға қосылуы екі талай», - деген екен бапкер Сульшер Манчестер Юнайтед командасының ресми сайтында. 

Шеффрилд және МЮ арасындағы ойын 24 қараша күні өтеді. Төрт күнене кейін Сульшер командасы Европа Лигасы аясында «Астана» футболшыларына қонаққа келеді.
Фото: independent.co.uk

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.