Ақтөбелік әйел баласын тастап кеткен

Дерек көзі: www.azattyq.org - 04.04.2018292

Ақтөбеде 32 жастағы келіншек  әлі бір жасқа толмаған сәбиін өмірінде бір-екі-ақ рет көрген әйелге тастап кеткен.  Көп ұзамай туған баласына мейірімі аз көкек ананы полицейлер іздеп тапты. Бұл туралы өңірдегі zhasalash.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

Полицияға ақтөбелік тұрғын арызданыпты. Ол нəрестені туған анасы уақытша қарай тұру үшін өзіне қалдырып кеткенін, бірақ сол күйі қайта оралмағанын айтқан. Енді келіншек бұл «әрекеті» үшін заң алдында жауап беретін болады. Өйткені, полицейлер оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша іс қозғапты. Ал 11 айлық Софьяны уақытша «Үміт» сәбилер үйіне орналастырған. Қазір жағдайы жақсы. -Анасы келіп кетті. Осы уақытқа дейін қайда жүргенін сұрап едік, бір жағдайлар болып қалды деп қысқа қайырды. Әрі қарай оны тиісті органдар анықтайтын болар, ал біздің міндетіміз- баланың жағдайын жасау. Анасы келген кезде өзіне қайтарып алғысы келетінін айтты. Біз оған қамқоршылық органына жібердік. Әрі қарай бұл іспен сол кісілер айналысады,- дейді «Үміт» сәбилер үйінің әлеуметтік педагогы Жанна ТАСТАНОВ. Өз баласына мейірімі жоқ келіншектің мәселесі қорғаншылық жөніндегі комиссияның алдағы отырысында қаралатын болады. Ақтөбе қалалық білім бөліміндегілер бұған дейін оның үстінен шағым түспегенін айтып отыр. Софьядан бөлек көкек ананың тағы екі ұлы бар болып шықты.  Қазір тұңғышы нағашы әжесінің қолында, ал екінші ұлы өз шешесінің қарауында екен.

Зада ЗЕЙІН, Ақтөбе

Фото: автордікі

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным