Жыл соңында Байқоңырдағы ғарыш кешені Назарбаевтың атымен аталады

Әйгерім Жетпісова - 06.11.20191395

Жылдың соңында Байқоңырдағы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атымен аталуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Байқоңырдағы «Союз-6», «Союз-5» орташа және орташадан ауыр зымырандарды ұшыру үшін салынып жатқан ғарыш-зымыран кешеніне Назарбаев атын беру идеясы Ресей басшысы Владимир ПУТИНГЕ тиесілі.  

«Екі елдің бірлескен жобасының атын ауыстыру мәселесін президент әкімшілігімен пысықтап жатырмыз. Бәйтеректі Назарбаев старт деп ауыстыру үшін үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізу керек. Президент әкімшілігінен қарсылық болмаса жыл соңында протоколга қол қойылады», - деді цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат НҰРҒОЖИН.

Фото: videosite2.ru

                                  


Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.