Әбішев ісі: Адвокаттар судьяға шағым білдірді

Мадияр Жалғасұлы - 06.11.20191342

Елордада ауданаралық сотта қаралып жатқан Ислам ӘБІШЕВ пен Серік ТҮКИЕВТІҢ ісі бойынша кезекті отырыс өтті. Серік АДАМҰЛЫНЫҢ  адвокаты Ерлан МӘКЕНОВ "куәгер Шаймерденовты тыңдауда прокурор Сүлейменов сөзімді бөле берді" деп судьяға шағым білдірген. Дегенмен судья шағымды қанағаттандырмады. Осыдан кейін  айыпталушылардың адвокаттары мен қорғаушылары судья Қ. Мекемтастың сауатсыздығын айтып, сот процесін басқа судья жүргізуін талап етті.

«Куәгер Шаймерденов қысым көрдім деген сөзге нақты дәлел болмастан, судья Қ.Мекемтас оның қауіпсіздігін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырды. Ұлттық бюро өкілдері қашаннан бері қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болған. Судья қаулыдағы 7 сөйлемнен 68 қате жіберген. Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сәйкес судья Қажымұқан Мекемтас соттың бейтараптығын қамтамасыз етпей отыр», - дейді адвокаттар.

Өз кезегінде мемлекеттік айыптаушы Сүлейменов те судьяға айтылған шағымға қосылатынын жеткізді. Осылайша кезекті сот отырысы кешке дейін тоқтап қалды. Кешкі сағат 18:00-ге жуық судья Айжан Шаяхметова келгенімен, сотқа қатысушылар оған да қарсылық білдірді. Қылмыстық кодекстің 87-бабын негізге алған адвокаттар судьяға Жоғарғы сот төрағасының өзі келуін талап еткенімен, Шаяхметова орыс тілінде жауап қайтарып, Қылмыстық кодексті талқылаумен болды. Сот ертең жалғасын табады, бірақ айыпталушылардың адвокаттары мен қорғаушылары талабымыз орындалмаса, сот осы күйінше жалғаса береді  деп отыр.

Фото автордікі.

Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.