Әбішев ісі бойынша сот кейінге шегерілді

Мадияр Жалғасұлы - 07.11.2019865

Бүгін Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің ісіне қатысты сот отырысында судья Қ.Мекемтасқа адвокаттардың қарсылығын қарау үшін келген судья Айжан Шаяхметоваға да адвокаттар қарсылық білдірді.

- 19 баптың 3 бөліміне сәйкес, сотталушылар мен оның адвокаттары, қорғаушылары судьяға сенімсіздік танытып, басқа судьяны шақыртуға құқылы. Кешелі бері нақты дәлелсіз судья Шаяхметова заңды өз мүддесіне қарай пайдаланғысы келді. Судья Қажымұқан Мекемтасқа қарсылығымызды қараудан бұрын, судья Шаяхметоваға да қарсылық білдіріміз. Мемлекеттік тілді жақсы білетін басқа сот келгенін қалаймыз, - деп, адвокат Есқараев сот отырысына басқа судьяның келуін талап етті.

Бірақ прокурор С.Сүлейменов бұл өтінішке келіспейтінін айтып, сот процесін жалғастыруды сұрады. Осы жағдайдан соң адвокат Есқараев Жоғарғы сотқа судья Қ.Мекемтас пен А.Шаяхметованың үстінен арыз жазғанын мәлімдеп, сот отырысын тоқтатуды сұрады. Айыпталушылардың адвокаттары мен қорғаушылары өтінішті мақұлдаған соң судья сотты 14 қарашаға шегерді. 

Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.