Ақтөбе әкімдігінен қызметкерлер қашып жатыр

Жанар Қожанова - 07.11.20195043

Оңдасын ОРАЗАЛИН басқаратын Ақтөбе облысы әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлер жаппай жұмыстан кетіп жатыр.

Облыс әкімі аппаратының басшысы қызметкерлердің аяқ асты мемлекеттік қызметтен не үшін бас тартып жатқандарын анықтайтайтын боламын деп отыр.

Бүгін облыс әкімінің аппарат басшысы Нұржауған ҚАЛАУОВТЫҢ төрағалық етуімен аппарат отырысы өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы, ақпараттық қауіпсіздік, персоналдың таза ауысымдылығы мәселесі қаралған жиынға  ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының м.а  Бауыржан ОРАЗОВ,  видеобайланыс арқылы  барлық аудандық әкімдіктердің  аппарат басшылары да қатысты.

Персоналды  басқару біріңғай қызметінің басшысы  Мирхан ЕРМАЕАНБЕТОВ қазір облыс көлемінде персоналдың таза ауысымдылығы мәселесі алаңдататын жағдайға жеткендігін айтады. Себебі, биыл облыста 112  мемлекеттік қызметші жұмыс орындарын ауыстырған.

Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға көбейді. Кейбір қала, аудандарда таза ауысымдылық көрсеткіші жыл басында бекітілген шекті мәннен айтарлықтай асқан деді Персоналды  басқару біріңғай қызметінің басшысы  Мирхан Ермағанбетов.

Облыс әкімдігінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан не себепті кеткендігіне талдау жасап, әсіресе өз еркімен жұмыстан кеткендер арасында сауалнама жүргізуді енді қолға аламын деп отыр.

«Себепсізден себепсіз қызметтен кету мәселесіне тоқтау салу қажет.Бос орындар саны 132 болып тұр. Біз осы орындардың орнын толықтыра алмай жатқанда, екінші жақтан себепсіз жұмыстан босап жатады», - деді аппарат басшысы.

Фото: aktobe.gov.kz

Мақала авторы:

Жанар Қожанова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.