Бішкекте дәмханада газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 08.11.2019268

Бішкек орталығында дәмханада жарылыс болып, сегіз адам жараланды. АКИpress агенттігі денесі күйген бір адамның көз жұмғанын, зардап шеккендер арасында балалар бар екенін хабарлады. Қырғызстанның төтенше жағдай министрлігінің дерегінше, жарылыс Шу және Еркіндік бульвары қиылысындағы дәмханада 8 қарашада түске дейін болған.

Куәгерлердің айтуынша, газ баллоны жарылған. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан түсірілген видеоларды жариялады. Facebook-та жарияланған төмендегі видеода дәмхананың жарылып, лаулап жанып жатқаны көрінеді.

Министрлік түстен кейін жарылыстан кейін өртенген дәмханадағы өртті сөндіргенін хабарлады.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.