Азия чемпионаты: Қазақ боксшылар өзбектерден озды

Ерболат Асылбеков - 17.11.20194724

Моңғолияның Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасында Азия біріншілігі аяқталды. Қазақс спортшылары командалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Финалға жеті қазақ боксшысы шыққан болатын. Оның алтауы алтынға қол жеткізді. Олар Мұхамметсабыр БАЗАРБАЙҰЛЫ, Махмұт САБЫРХАН, Бейбарыс ЖЕКСЕН, Дархан ДҮЙСЕБАЙ, Тоғамбай САҒЫНДЫҚ және Аманат САБЫРҒАЛИ.

Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 2 қоламен 2-орын алса, 1 алтын, 2 қоламен Жапондар үшінші орынға ие болды.

Фото: facebook.com

Мақала авторы:

Ерболат Асылбеков

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.