Беларусьте парламент сайлауы өтіп жатыр

Дерек көзі: www.azattyq.org - 17.11.20191788

Беларусьте кезектен тыс өкілдер палатасына (парламенттің төменгі палатасы) сайлау басталды. Орталық сайлау комиссиясы дерегінше, 110 орынға 513 кандидат "таласып жатыр". Кандидаттарды 12 партия және бірнеше қоғамдық қозғалыс ұсынған.

Жексенбі күні шамамен 6 мың сайлау учаскесі ашылды. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8-ден бастап, кешкі 8-ге дейін істейді.

Беларусьте парламент сайлауы келесі жылы өтуі тиіс болған. Алайда президент Александр Лукашенко бұған дейін парламент сайлауының күзде өтетінін, келесі жылы президент сайлауы болатынын мәлімдеген. Сарапшылардың айтуынша, билік сайлауға қатысқысы келген көптеген тәуелсіз кандидаттарды тіркемей қойған. Олар Лукашенкоға адал кандидаттардың сайлауда жеңу мүмкіндігі көп екенін айтады.

Өкілдер палатасына сайлау бір мандаттық сайлау округы бойынша өтеді. Көбірек дауыс жинаған кандидат сайлауда жеңеді. Мыңдаған бақылаушы саяси науқанды бақылап жатыр. Еуропа Одағы сайлаудың әділ әрі ашық өтетініне үміттенетінін жеткізді.

16 қарашада кешке оппозиция әділ сайлауды талап етіп, акция өткізген.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.