Рязань облысында әскери дрон тұрғын үйдің маңына құлады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 17.11.20191825

Ресейдің Рязань облысында "Орион" ұшқышсыз әскери ұшу аппараты құлады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, әскери дрон Листвянка елді мекеніндегі көп қабатты тұрғын үйлердің маңына құлаған. Мәскеу ауданаралық басқарма өкілінің айтуынша, сынақтан өтіп жатқан әскери дрон техникалық ақау себебінен құлаған.

Рязань облысының басшысы журналистерге аппараттың тұрғын үй маңынан 70 метр жерге құлағанын, ешкім зардап шекпегенін айтты.

ТАСС агенттігінің жазуынша, "Орион" әскери аппаратының салмағы - бір тонна, бортына 200 килограмм жүк тией алады. 7,5 шақырым биіктікте ұша алады, әуеде 24 сағат қалқып тұра алады.

"Кронштадт" фирмасының бас конструкторының айтуынша, "Орион" қорытынды сынақтан өтіп жатыр және қорғаныс министрлігі жыл соңына дейін осындай бір аппаратты алуы тиіс.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.