Каирде қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы таныстырылды

Сайт Әкімшілігі - 18.11.20192512

17 қарашада Каирдегі Мысыр мәдениет істері жөніндегі жоғарғы кеңесінде қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазақ әдебиеті жинағының араб тіліне аудармасы мен  басылымын көркем аударма саласындағы тәжірибелі мысырлық мамандардың қатысуымен Мысыр мәдени істері жөніндегі орталығы мен «МедиаХаб» баспа үйі орындады. Антологиялар алғысөзінің авторы ЮНЕСКО жанындағы АLECSO (Араб лигасы мемлекеттеріндегі ғылым, білім және мәдениет істерін үйлестіру) ұйымының  бас директоры доктор Мұхаммед ульд Омар.

«МедиаХаб» баспасынан жарық көрген қазақ прозасы мен поэзиясының жинақтары Араб Лигасына мүше 22 мемлекеттің 4 мыңға жуық кітапханасы, университеттері мен ғылыми орталықтарына жеткізіледі. Бұл шамамен 500 миллион оқырман аудиториясы.

Таныстырылымға Мысыр Мәдениет істері жөніндегі Жоғары кеңесінің Бас хатшысы Хишам Азми,  АLECSO ұйымының араб зерттеулер институтының директоры Али Хафиян қатысты. Қазақстан тарапынан шараға ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева,  ҚР Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиев, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы Ұлықбек Есдәулет және Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы қатысты.

Заманауи қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ 6 тіліне аудару жобасы «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге асуда. Жоба Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыты болып табылады. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының міндеті – қазіргі заманғы Қазақстанның әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, хореография, кино және театр салаларындағы мәдени қазыналарын әлем жұртшылығына таныстыру.

Кітаптарды таныстыру салтанатында сөз сөйлеген Аида Балаева: 

"Араб әлемі мен біздің халқымызды ислам діні ғана емес, сан мың жылдық басқа да жан-жақты қатынастар байланыстырады. Қазақ жерінде дүниеге келген Әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыстың есімдері сіздерге ежелден таныс. Бүгін осы тарихи тамырластықты жаңа белеске көтеретін мүмкіндік тууда. Сіздер қазақ әдебиеті арқылы біздің халқымызды тереңірек тани аласыздар. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәдениетімізді жер жүзіне таныстыру туралы жобаны ұсынғанда араб әлеміне де баса назар аударды. Елбасының тапсырмасымен, қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне аударылып, жарыққа шықты», –  деді.

Жоба туралы:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты –  «Жаһандағы  заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиетінің қос антологиясы  аударылып, жарық көрді. Олар – «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» және «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы».  Әр антологияның көлемі – шамамен 500 беттей, әрқайсысына 30 қазақстандық автордың таңдамалы шығармасы енді.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?