Шетпедегі жарылыстар қашан тоқтайды?

Мадияр Жалғасұлы - 18.11.20192712

Биыл қыркүйек айында Маңғыстау өңіріндегі Шетпе елді мекенінің тұрғындары жақын маңдағы Қаратауды үңгіп, шебін өндіріп жатқан карьерлерден ұшқан шаңнан зардап шегіп отырғанын жазған болатынбыз. 11 қараша күні түскі уақытта карьерлердің бірінде кезекті рет өте жоғары зарядта тау жарып, дүмпу ауыл тұсына дейін жеткен. Талай жылдан бері денсаулығымыз сыр бере бастады деп жұртшылық арызданып, қоғам белсенділері мәселені көтерген соң қыркүйек айында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан ҚАШАҚОВ бастаған арнайы комиссия құрылып, бірнеше карьерлердің заңсыз әрекеттерін әшкерелеген. Тексерістен кейін ауыл маңына жақын карьерлердегі тас уатқыш техникалар жыраққа көшірілетін аудан әкімі Тілек ЖЕТКІЗГЕНҰЛЫ айтқан болатын. Кез-келген мемлекет үшін адам өмірі бірінші кезек маңызды екенін ескерсек, ауыл жұртының бұл ретте шағымдануы жөн.

«Мәселе әлі күнге дейін шешілмей тұр. Құзырлы орындарға шағымымызды айтып жатырмыз. Толықтай жауап жоқ. Карьерлердің жанына барсақ, жолатпайтыны да анық. Халықтың қалаулысы дейтін депутаттар да әлі үнсіз отыр», - дейді Шетпе тұрғыны Амалбек ИМАШ.

Тағы айта кетерлік жайт - аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен карьерлер мәселесіне байланысты қоғамдық тыңдаулар жиі өткізіліп тұрады. Жергілікті билік өкілдері проблеманы шешеміз дегенімен, тұрғындар сенбейтінін айтады.


Фотолар автордікі.


 

Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.