Ерсін Балтағұл сумодан Жапония чемпионы атанды

Мадияр Жалғасұлы - 18.11.20193003

Қазақ балуаны Ерсін БАЛТАҒҰЛ жастар арасынан сумодан Жапония чемпионы атанды. Бұл туралы «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман ШОРАЕВ фейсбук парақшасында хабарлады.

22 жастағы қазақ спортшысы осыдан төрт жыл бұрын Жапонияға қоныс аударған. Бес жыл бұрын моңғол Асашери АКИНОРИ (шын есімі Долгорсурэнгийн Дагвадорж) Моңғолдан шыққан атақты сумошы арқылы Ерсін жапон күресін меңгере бастаған. Қазақ спортшысы бұған дейін дзюдомен айналысқан. Бойы екі метр, салмағы 160 келі тартады.

Фото: фейсбук

Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.