Саяси лагерьге қатысты Ши Жинпиңнің құпия бұйрықтары жарияланды

Әйгерім Жетпісова - 19.11.20192481

Америкалық басылым The New York Times Қытай коммунистік партиясының құжаттарын жариялады. Ол жерде Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы мұсылмандарды қайта тәрбиелеу шараларына қатысты ақпараттар бар. Бұл туралы ресейлік интернет басылым Лента ру хабарлады.

Билік партиясының құжаты төрт жүз беттен тұрады. Оны газет редакциясына қытай басшыларының бірі берген. Бірақ қандай жолмен жеткізгені түсініксіз дейді ресейлік сайт.

Құжатта Бейжіңнен жіберілген нұсқаулар бар. Және туыстары жоғалып кеткен мұсылмандармен қалай сөйлесу керектігі туралы кеңестер бар.

«Егер мұсылмандар (әсіресе ұйғырлар) туыстарын іздеп келсе, олар үкімет құрған мектепте. Ол жерде тастап шығып кете алмайды. Дайындықтан өтпесе діндегі экстремизмнің қаупін түсінбейді деп жауап беріңдер», - делінген құпия құжатта.   

Сондай-ақ, құжатта Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы Ши ЖИНПИҢ мен Шыңжаң басшысы Чэн ЧЮАНГОНЫҢ құпия жеке бұйрықтары да бар. Бас хатшының бұйрығы 96 бет болса, Чэн мырза мұсылмандарды қайта тәрбиелеу компаниясының басты идеологы ретінде аты аталған.  

2019 жылдың қыркүйек айында Қытай билігі ішкі Моңғолия, Хэнань, Хансу аймақатрында мешіттерді бұзып жатыр деген ақпарат шыққан. Маусым айында ресми Бейжің саяси лагерлерде азаптаулар болмайды деп мәлімдеді.

2018 жылы БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комиссиясы қамауда миллион адамның отырғаны жөнінде ақпар таратты.

Фото: vladtime.ru

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.