Бекен Исабаев: Қариялардың қойнында өстім (аудио)

Бағашар Тұрсынбайұлы - 20.11.20193082

Бекен Исабаев - ел шежіресіне қанық. Абай өңірегіндегі ел аузындағы әңгімелерді бұл кісінің аузынан естудің өз ғанибеті бар. Кішкентай күнінен Абайдың көзін көрген қариялардың, а замынмен замандас болған бай-бағлан, би-шешендердің үрім-бұтағының сөздерін естіп өскен Бекен Исабаев ғыен. Тіпті, кей кісілер бала Бекен үйге кіріп келгенде, айтып отырған әңгімелерін сап тыяды екен. Себеби Бекен бір естіген сөзін ұмытпайды. Ол қасиетін ел адамдары да жақсы білген.

Белгілі журналист Қасым Аманжол түсірген «Анық Абай» деректі сериалынан көпшілікке жақсы таныс қария, көп жерге шығып, сұхбат та бере бермейді. Одан бері де 15 жылдай уақыт өтіпті. Биыл тамыз айында «Әдеби өлкетану» жобасымен Семей топырағына сапар жасап, ақсақалдың әңгімесін тыңдадық. Екінші рет қайыра барып, видео таспаға түсірген едік. Алдағы жылы тоқсанға толғалы отырған қарттың жады бұрынғыша сайрап тұр. Тек кәрілік жеңген. Ұзақ әңгіме айтса, ентігіп, алқынып қалады. Біз барғанымызда көңілімізге қарап, кеңдік көрсеткен. Кісілігіне разымыз.

Сол жолы еңбегімізді бүгін назарларыңызға «Алдыңғылардың әңгімесі» ретінде ұсынудың реті келіпті. Бекен ақсақал Абай туралы сөздерге қалай тап болғанын баяндайды. Ыбырайша, Шәкір, Майра сияқты қарттардың сөздерінен естігенін айтады. Абайдың жеке басының, отбасының, төңірегінің қызықты әңгімелері бар. Абай өлеңдерін жатқа оқиды. Оны арнайы жаттамаған екен. Өмір өзі жүре жаттатыпты. Абай ұрпақтарының тағдыры да сөз болады. Ақылбайдың әнін айтады. Шәкірдің жырын оқиды. Қазыналы қарттың құнарлы әңгімесін тыңдауға сіз де ерінбеңіз.

Сөйлеудің қазақы мәдениетін сақтаған қария айтқан әңгіменің видеонұсқасын көру үшін «Жас алаш» газетная версия youtube арнасына өтіңіз.


Мақала авторы:

Бағашар Тұрсынбайұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.