Ташкентте Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы реформалармен таныстыру рәсімі болды

Сайт Әкімшілігі - 22.11.20191782

Өзбекстанда өтіп жатқан Қазақстан медицина күндерінің шеңберінде форумның бірінші күні «Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу жүйесі» атты таныстыру баяндамасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы  мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев сөз сөйледі. 

Өзінің сөзінде ДЗСҰО басшысы Ұлттық орталық атқаратын негізгі қызмет бағыттары, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу рәсімі, атап айтқанда, ЕАЭО шеңберінде дәрілік препараттарды тіркеуден өткізу кезінде өтінім берушілерге қойылатын талаптар туралы әңгімеледі.

Форум қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамасына дәрі-дәрмектердің бағаларына реттеу енгізумен байланысты жасалған соңғы өзгерістер, дәрілік препараттарды іздеу-табу мақсатында іске қосылған жаңа «Darikz» қосымшасы, Қазақстандағы медициналық өнімдер мен отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары, сонымен қатар қазақстандық әріптестермен және серіктестермен өзара байланыс пен ынтымақтастықтың даму келешегі туралы толыққанды ақпарат берілді.

21 қараша күні Ташкентте Қазақстан Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының және Өзбекстан Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, қол қойылғанын естеріңізге саламыз.

Тараптар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптамадан өткізу мәселелерінде өзара қарым-қатынас ұстану, ғылыми зерттеулер жүргізу және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының айналымын реттеу саласында тәжірибелер алмасу дәстүрін қалыптастыруға келісті.

Өзбекстанда өтіп жатқан Қазақстандық медицина күндері 21-22 қараша күндері өтті. Іскерлік сапарда қазақстандық делегацияға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жетекшілік етті. 

Фотоларды автор ұсынды

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.