«Сенатор Мұрат Бақтиярұлының да ғылыми еңбегін тексеру керек»

Оралхан Дәуіт - 26.11.20195292

Жақында сенатор Мұрат Бақтиярұлы білім және ғылым министрлігінің лауазымды қызметтерге басшы тағайындау мәселесін сынға алып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне ректор болып тағайындалған Анар Қайырбекованың үстінен бұған дейін 16 тәртіптік іс қозғалғанын айтқан болатын.

«Қайырбекова кейбір вице-министрлердің үстінен арыз айтқанын өздеріңіз білесіздер. 2014 жылдан бері қарай оның үстінен 16 тәртіптік іс қозғалыпты. Ендеше бұл этикалық нормаға қаншалықты сай? Менің ойымша жоғарғы оқу орындарының басшылығына абыройына қылаудай сызат түспеген адам тағайындалуы тиіс. Қайырбекованың осы қызметке тағайындалуы қаншалықты заңды?», – деген еді Мұрат Бақтиярұлы.

Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова сенаторға жауап жолдады.

«ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының маған қатысты жасаған мәлімдемесіне байланысты менің үстімнен ешқандай да 16 тәртіптік немесе қылмыстық істің қозғалмағанын және бірде-бір мәрте әкімшіліктік жауапкершілікке тартылмағанымды хабарлаймын», - дейді А. Қайырбекова өзінің фб-дағы парақшасында.

«16 рет тәртіптік, қылмыстық немесе әкімшіліктік жауапкершілікке тартылғаным туралы шешімдірдің бар екенін Сенатор мырза құжаттармен дәлелдей ала ма? Жоқ! Сондықтан Сенатор Мұрат Бақтиярұлы өз мәлімдемесін сенімді және тексерілген ақпаратқа сүйеніп таратқаны дұрыс болар еді. Заңгерлік білімі бар Сенатор құрғақ сөзбен әрі дәлелсіз, жалған мәлімдеме таратушылар – қылмыстық жазаға тартылатынын жақсы білсе керек. Ол маған кейбір вице-министрлерге байланысты арыз жазды, дау қуды деген кінә таққысы келеді. Иә, мен ҚР Білім және ғылым министрлігіндегі бюджет қаржысын жұмсауда көптеген заң бұзушылықтар жіберген бір топ шенеуніктерге және вице-министр Ф. Жақыпованың докторлық диссертациясының плагиаттық екенін дәлелдеген фактілерге байланысты құқық қорғау органдарына ресми түрде жүгіндім. Өйткені мен мемлекеттік қызметкер болғандықтан «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес кез-келген сыбайлас жемқорлық қылмысына бөгет болып, ол туралы хабарлау менің міндетім.

Өз тарапымнан айтарым, білім саласындағы этикалық нормаларға мазасызданған сенаторды мына бір факті де қатты ойландыратын шығар деп ойлаймын. Мұрат Бақтиярұлы Қазақ Мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалының директоры қызметін атқарып жүргенде дәл осы оқу орнының дипломын, яғни, өзінің үшінші мамандығының дипломын алған. Енді жоғарғы оқу орнының директоры өзі басшылық етіп отырған оқу орнының дипломын алу қаншалықты этикаға жатады? Сонда қалай, ол сабаққа күн сайын келіп қатысты ма, қызмет жағынан өзіне бағыныштыларға емтихан тапсырды ма, дипломдық жұмысын қорғады ма? Осыған байланысты оның диссертациялық еңбегіне байланысты да сұрақ туындайды. Яғни, бірнеше дипломның иесі және бірнеше ғылыми дәрежесі бар Сенатордың ғылыми еңбектерін де плагиаттыққа тексеріп көргеннің ешқандай артықтығы жоқ. Сондықтан Сенатордың бұл мәлімдемесі жалаға құралған және менің іскерлік абырой-беделімді түсіру мақсатында тапсырыспен жасалған сияқты. Маған жала жапқаны үшін Мұрат Бақтиярұлын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ҚР Парламенті Сенатының этика жөніндегі Комиссиясына өтініш жолдадым», - деді Қайырбекова ханым.  

Фото: turkystan.kz

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?