Агенттік Мәнізоров ісі жөнінде: Барлық дәлелдер бар

Есдәулет Қызырбекұлы - 27.11.20192577

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бағдат МӘНІЗОРОВҚА қатысты барлық дәлелдер бар екендігін айтты. Бұл жөнінде Тengrinews.kz басылымы ведомства басшысының бірінші орынбасары Олжас БЕКТЕНОВКЕ сілтеме жасап хабарлады.

Бектеновтың сөзінше, Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі Бас прокуратураның Бағдат Мәнізоровқа қатысты шығарған шешіміне қарсы шағымдануды алдағы уақытта да жалғастыратын болсады. Себебі аталмыш іске қатысты дәлелдер жеткілікті.

«Біз Бас прокуратураға арыз жібердік. Прокуратураның қандай шешім қабылдайтынын күтейік. Одан ары шағымданамыз, біздің оған құқығымыз бар. Барлық дәлелдер бар, өз позициямыз бар, сол позициямызда тұрамыз», - деді Бектенов.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров қыркүйекте «қызмет бабын асыра пайдалану арқылы алаяқтықпен айналысты» деген айыппен ұсталған. Ақпан айында Бас прокуратура «істе қылмыстық факті жоқ» екендігін айтып, оны босатқан.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас прокуратураның бұл шешімімен келіспейді. Бағдат Мәнізоровтың «іс тапсырыспен жасалған» деп есептейді. Ал агенттік басшысы Алик ШПЕКБАЕВ «ешқандай тапсырыс жоқ екендігін» айтады.

Фото: Тengrinews.kz 

Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.