Уахит Шәлекенов: Шыңғысхан ешбір жерді өртеген жоқ (Видео)

Бағашар Тұрсынбайұлы - 27.11.20198660

"Алдыңғылардың әңгімесі" жобасының кезекті қонағы - академик Уахит ШӘЛЕКЕНОВ. Өмір жолын, ғылым жолын сөз еткен тарихшы бүгінгі Білім және ғылым министрлігінің жұмысына көңілі толмайтынын айтады. Ғалымның сөзінше Шыңғысхан құрған мемлекет - Түркі империясы. Қағанның өзі - түркі. 

"1228-1241 жылдары империяны Шыңғысханның үшінші ұлы Үгедей басқарды. Бұл кезеңде империя шекарасы барынша кеңейді. Солтүстік Қытай, Батыс-Шығыс Түркістан, Солтүстік Кавказ, Қара Теңіздің солтүстік қалалары кірді. Империяның батыс, солтүстік көршілері, яғни түркі тектес этностардың құрамына кірмейтін Иран, Ауғанстан сияқты елдер тәуелді болды. Түркі империясының ішкі және сыртқы саясаты 1206 жылы Ұлы құрылтайда қабылданған «Ұлы жасақ» заңына сүйеніп жүргізілді. Бұл заңда этностардың бет-бетіне ыдырап кетуіне, олардың ру-тайпалық үздіксіз күрестеріне тыйым салынды. Нәтижесінде түркілер бірігіп, жаңа құрылған мемлекетті қуатты империяға айналдырды. Орталық Азияда ұзаққа созылған бейбітшілік орнап, бұрын өз бетінше жүгенсіз кеткен ру-тайпалар бірлесіп, халық болды. Осы күні кішілі-үлкенді түркі, моңғол ұлттарына кіретін этностардың барлығы Шыңғысханның шапанынан шыққан. «Ұлы жасақ» сияқты заң болмаса, мұндай алып империя құру қиын болар еді. Шыңғысхан соны түсінді. Оны қағанның ұрпақтары да берік ұстанды. Алтын Орданың халқы этникалық жағынан біркелкі түркі тектес халықтардан құрылды. Басқа халықтар түркілерге бағынышты болып, салық төлеп тұрды. Алтын Орданың билеушілері Бытайхан, Мөңке-Темір, Тұда-Мөңке, Төле-Бұқа, Тоқты, Өзбек, Жәнібек хандар тұсында Алтын Орда күшейіп, кемеліне келіп, алып елге айналды", - дейді Уахит Шәлекенов. 

Сұхбатты толық тыңдау үшін «Жас Алаш» газетінің Ютуб арнасына өтіңіз.


Мақала авторы:

Бағашар Тұрсынбайұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным