Афины төрінде – сақ ханзадасы

Роза Қараева - 19.11.20191385

Афины қаласындағы Эпиграфиялық музейде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрме ашылды. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасатын көрмені еліміздегі Ұлттық музей ұйымдастырып отыр. Бірнеше жылдан бері әлем бойынша ұйымдастырылып келе жатқан көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасын әлем жұртшылығына насихаттау, таныстыру. Көрменің ең басты жәдігері – мемлекетіміздің символына айналған  «Алтын адам».

1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың басында Алматының маңайында танымал археолог Кемал Ақышев зерттеп жүрген Есік қорғанынан «Алтын адам» табылды. Бұл археологиялық сенсация еді. Баға жетпес олжа «Қазақ Тутанхамоны» аталып, ғасыр жаңалығы деп танылды.  Ежелгі дала билеушісінің тәжіндегі қанатты алтын пырақ әшекейлері Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бөлшегіне айналды, ал «Алтын адамның» мүсіні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына орнатылды. 

Қазақ мәдениетін әлемге насихаттау мақсатымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасын жариялады. Ауқымды шара шеңберінде Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея, Өзбекстан музейлерінде көрмелер үлкен жетістікпен өтті.

Афины Эпиграфиялық музейіндегі көрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді «Алтын адамның» реконструкциясын  және  осы жас ақсүйек сақ жауынгерімен (археологтардың пікірлері бойынша, 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады.

Сақтар – біздің бабаларымыз. Герадот шығармаларында азиялық скифтер (saka – скифтердің «бұғы» сөзінен туындайды) делінеді, ал басқа дереккөздерде «ұшқыр атты турлар» деп көркем сипаттаған. «Алтын адам» үшке бөлінетін сақтардың тиграхауд бөлігінен шыққан. Яки оларды «шошақ бөріктілер» деп те атайды.  Қорғаннан киімдерді безендіретін детальдар, әшекейлер мен тұрмыстық заттар, жалпы саны  4000-нан астам алтын бұйымдар табылған. Қорымдағы заттардың топографиясын терең  зерттегеу нәтижесінде сақ жауынгерінің келбетін жасап шығу мүмкін болды. Есік қорғанынан табылған заттар арасында тағы бір аса құнды жәдігер бар. Ол – руна жазуымен жазылған жазбасы бар күміс тостаған.

Ежелгі дала өнерінің маңызды ерекшелігі саналатын зооморфтық бейнелердің басымдығы да мифологиялық ойлау өлшемдерімен белгіленеді. Сюжетінің драматизмі жақсылық пен жамандықтың күресі, жарық пен қараңғының бастауы, жаңа өмірдің тууы, қарама-қайшылықтардың мәңгілік қозғалысының және мәңгілік күресінің символы ретінде түсіндіріледі. Осындай қарама-қайшылықтың айқын үлгісі ретінде көрмеге ұсынылған алтыннан қалыптау және бедерлеу техникасымен жасалған V-IV ғасырларға тән жапсырмасы бірін-бірі дәл қайталайтын қос барыс түріндегі айылбасты айтуға болады.

Айтулы шараға Қазақстанның Грекия Республикасындағы елшісі Алексей Волков, Ежелгі және мәдени мұраның бас директоры Поликсени Адам-Велени, Афиныдағы Эпиграфиялық музейдің директоры Атанассиос Темос, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары Алмаз Нұразхан, тарих ғылымының докторы, археолог, профессор Зейнолла Самашев қатысты.

Шара аясында Герман археология институтының корреспондент-мүшесі Зейнолла Самашев «Ежелгі сақтардың Қазақстандағы мәдени кешені» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары Алмаз Нұразхан: «Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі» көрмелік жобасы әлемді аралап келеді. Грекия – Қазақстанның тарихи-танымдық көрмесін тамашалап отырған 12-ші мемлекет. Бүгінге дейін Қазақстан өңірінен табылған «алтын адамдар» біздің еліміздің ерте дәуірдегі мәдениетін, тарихын айқындайтын ұлттық құндылықтар болып табылады. Көрме жұмыстарына қолдау білдіргені  үшін Грекияның мәдениет министрлігіне, Афины қаласының Эпиграфиялық музейінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер», – деді. 

Христиандық пен мұсылмандықтың орнығуына қарай «аң стилі» біртіндеп пұтқа табынушылық пен түсініктен шығатын бастапқы мәнін жоғалта бастады. Алайда бастапқы сиқырлы мәнінен айырылған жануарлардың сәндік бейнелері зергерлік бұйымдарда, миниатюра кітаптарда, ағаш, тас және сүйек нақыштарында, сәулет сынды ортағасырлық өнерде әлдеқайда жинақталыңқыраған түрде стильденген ою, зер элементтерінің пішінін қабылдап, қолданыста қала берді. Бұл үрдістер экспозицияға қойылған XV ғасырға жататын Сайрам көмбесінен табылған зергерлік өнер бұйымдарынан айқын байқалады. Көрмеде сол сияқты Тақсай (Батыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қарағанды облысы) және Берел (Шығыс Қазақстан облысы) сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілген.

Көрмеге қойылған Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары – Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының шеберлері жасаған мол дүниенің азғана бөлшегі.

Фото: kerek-info.kz

Мақала авторы:

Роза Қараева

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды