«Оқыту теориясы» мұғалімдерге не береді?

Сайт Әкімшілігі - 12.11.2019380

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-19 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру жүйесі өзінің өзгеріс шекарасын үнемі кеңейтуде, ғылымның сапалы жаңа жетістіктерін талдап-тексеруден өткізеді және таратады, жас ұрпақтың ұлт мұраты – «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын түсініп зерделеуін ұйымдастырады.

Болашақ  педагог-мамандарды даярлайтын жоғары педагогикалық білім беру жүйесі оған өмірге қажетті ресурс жинауға мүмкіндік беруі қажет. Осы орайда, қарастырылып отырған ресурс ерекше маңызды: кез келген еңбек іс-әрекетінде қажет болатын және оның кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін сипаттайтын шешуші фактор – оның тұлғалық маңызды қасиеттері. Осы тұрғыдан жоғары оқу орны қабырғасында дидактикалық біліктілікті қалыптастыру оның бәсекеге қабілеттілігінің, қазіргі қоғамның құрылымына сәтті енуінің, яғни белсенді кәсіби әлеуметтенуінің кілті болуы шарт.

Еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдай білім беру үдерісіне жаңа талаптар қоюда. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі жаңашыл бастамалармен үндесіп жатыр. Білім беру мемлекеттің интеллектуалдық және рухани ресурстарының қайнар көзі ретінде адами капиталдың сапасын арттыруда басты рөл атқаруы тиіс. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, оның білім беру жүйесімен, азаматтарының білім деңгейімен анықталады.

Осы орайда, «Рухани жаңғыру» концепциясы аясында әлемдік үздік университеттерде қолданылып жүрген 100 кітаптың шет тілдерден аударылып, қазақ тілінде жарық көруге дайындалу үдерісі басталып та кеткені бәрімізге аян.

Сол «жүздің» бірі – Дейл Шунктың авторлығымен түп негізінде екі рет жарық көрген, әлемнің жетекші елдерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында соңғы жылдары оқулық сапасында қолданылып жүрген«Оқыту теориясы»атты кітап – қазақстандық педагог мамандарды даярлауда аса қажетті еңбек. Оқулық бакалавриаттағы «Педагогика» атты базалық пәнді оқытуда негізге алынатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандарттарының, оқу жоспарлары мен  негізгі оқу бағдарламалары  тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Бұл еңбек оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілерге және ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынады. Оқулықта жаңа тұғырларды заманауи  мектептер жағдайында қалайша қолдану қажеттігіне баса назар аударылған. Кіріспеде оқыту теориясы, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері жайлы айтылса, одан соңғы тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм және т.б. теориялар талқыланады. Сондай-ақ еңбекте оқу мотивациясы, өзіндік оқу және контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырыптар қамтылған. Сонымен бірге студенттердің оқу процесі барысында өз беттерімен орындауы тиіс тапсырмалар үлгілерінің берілуі де оқулықтың маңызын арттыра түседі.

Оқулық пәнаралық байланыстарды жүзеге асыра отырып, ғылым философиясы, психология, физиология, нейроғылымның  әлеуетін оқыту теориясын жүзеге асыру үдерісіне көшіру үлгілерін негіздеген. Оқулықта аталмыш ғылым салалары  ғалымдарының еңбектері жүйелі талданып, зерттеу логикасын жетілдіруге пайдалану қисыны ұсынылған.  Автор оқыту мен білім беруді өнермен байланыстыра қарастырған. Оқытуға берілген анықтамада оны ішкі менталдық құбылыс деп бейнелеген. Мұнда сананың ақпаратты жасайтыны, жинақтайтыны, кодтауы,  жаңғыртуы жөнінде тың деректер келтірілген.

Оқулықтың тұжырымдамасын анықтауда автор оқыту теориясы мен философияның арақатынасына тоқталған. Философиядағы эпистемология, эмпиризм, рационализм сияқты бағыттардың  оқыту үдерісіндегі әлеуетін білім берудің философиясы тұрғысынан зерделеген. Әсіресе оқытудың психологиялық негіздері – физиологиялық психология, вербалды оқыту теориясы, структурализм,  функционализмнің ерекшеліктері сипатталған. Оқулықтың шетелдердегі жаңаша зерттеу парадигмаларымен таныстыруы да қазақстандық оқырмандар үшін құнды жағы деп есептейміз.

Оқулықтың теориялық және практикалық  маңыздылығы дидактика дамуының әлемдік деңгейін көрсетуімен сипатталады. Оқулықта пәнаралық байланыстар негізіндегі педагогикадағы жаңа – психодидактика,  социодидактика, нейродидактика сияқты бағыттар анық байқалады. Осыған орай, енді дайындалатын педагогика оқулықтарының дидактика бөлімдерінің мазмұнын жаңарту міндеті туындайды. Оқулық жазудың жаңа тәжірибесі қалыптасуы да заңды құбылыс.

Оқулықтың ұтымды тұстарына – адам физиологиясының ғылыми тұжырымдарына негізделген  ми бөліктері қызметтерінің сипатталуын; білім берудегі мидың екі сыңарының мүмкіндігін пайдалану мен миды зерттеу тәсілдерінің ашып көрсетілуін; адам жады туралы, нейрондық байланыстар мен тіл меңгерудегі жаңа ақпараттардың терең қарастырылуын; рефлекс теориясын практикада пайдаланудың тиімді жолдары көрсетілуін; оқытудағы модельдеу әдісінің талданып, оның әлеуетін пайдалану жолдары саралануын; метатанымға ерекше көңіл бөлініп,  оның білім берудегі мүмкіндіктерінің саралануын; алғаш рет дидактикада концептілердің талданып жүйеленуін; күрделі танымдық үдеріс – метатаным, концепті үйрену, проблеманы шешу, сыни ойлау, пайымдау мен шығармашылықтың бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуын және т.б. жатқызуға болады.

Оқулықта білім алушыларға қажет логикалық-құрылымдық сызбалар, кестелер, әдебиеттер,  білім тексеруге арналған  сұрақтар, өзіндік жұмыстың тапсырмалары ұсынылады.

Оқыту теориясы мәселелерінің оқулықта дидактиканың философиясы мен әдіснамасы деңгейінде  қарастырылуы еңбектің құндылығын арттырады. Сондықтан бүгінгі таңда осындай оқулықтарды жоғары білім беру жүйесінде білім алушылардың дидактикалық құзыреттіліктерінің құрылымын қайта пайымдау арқылы пайдалануға ұсыну қажет.

Біздің ойымызша, бұл оқулық мақсаты, құрылымы, мазмұны, оқу материалдарының берілу логикасы жағынан аударуға дұрыс таңдалып алынған еңбек. Аударма тілі ғылыми жатық стильмен берілген, оқулықта дидактикадағы теориялар психологиялық тұжырымдамалармен тығыз байланыста қамтылған, зерттеу материалдары жүйелі келтірілген.

Оқулықты дидактика мәселелерін зерттеуші ғалымдарға, инновациялық мектеп мұғалімдеріне, оқулық авторларына, жоғары курс студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға ұсынуға болады.


Айгүлім Айтбаева, п. ғ. к., профессор,Ұлттық аударма бюросының редакторы

Фото: infourok.ru      



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды