«Тараз» таңдаулы топта қалды

Есей Жеңісұлы - 19.11.2019931

Қосымша іріктеу матчы

18 қараша

«Тараз» – «Ақжайық» – 3:1 (Сәрсенов, 9, Таубай, 14, 27 – Симчевич, 28-өз қақпасына)

Бірінші матч – 0:0

«Тараз» өз алаңында «Ақжайықты» жеңіп, 2020 жылы премьер-лигада қалу құқығын жеңіп алды. Жамбылдықтар турнир кестесінде 10-орын алып, бірінші лиганың қола жүлдегері «Ақжайықпен» қосымша іріктеуге қалған еді. Үш күн бұрын Оралда өткен ойында есеп ашылған жоқ. Қарымта кездесуде «Тараз» бірден басымдық танытып, матч тізгінін босатқан жоқ.

Бір қызығы, осы кездесуде Симчевич өз қақпасына гол соғып алды. Бұл биылғы біріншілікте жамбылдықтар өз қақпасына енгізген алтыншы автогол еді. Дегенмен Симчевичтің қателігі ойын тағдырына әсер еткен жоқ.

«Тараз» бір жыл үзілістен кейін биыл ғана премьер-лигаға оралған еді. 2019 жылғы маусым қорытындысында «Ақтөбе» мен «Атырау» бірінші лигаға түсіп қалды, ал «Қызылжар» мен «Каспий» жоғарыға көтерілді. «Ақжайық» бірінші лигада тағы бір жыл аялдайтын болды.

Мақала авторы:

Есей Жеңісұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.