Ұлттық мәдени игіліктер

Роза Қараева - 19.11.2019916

Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссияның отырысын өткізді.

Сарапшы комиссияның мақсаты – отандық музейлердің қорындағы ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша маңызы бар ұлттық мәдени игілік объектілерін анықтау. Сарапшы комиссия ұлттық мәдени игіліктер деп таныған құнды жәдігерлер алдағы уақытта мәдениет және спорт министрлігі жүргізетін Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіміне енгізілетін болады.

Ұлттық музейде өткен шараға мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры К.Сейітова, министрліктің музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Г.Пазылова, ҚР Тұңғыш президенті  – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары К.Ақтаева, Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Н.Мұхамбеталина, Ә.Қастеев музейінің директоры Г. Шалабаева, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары А.Сатубалдин, археолог-ғалым, т.ғ.д., профессор Ж.Таймағамбетов, кескіндемеші-суретші Қ.Ахметжан, ҚР Орталық мемлекеттік музейі директорының орынбасары Б.Дандығараева және т.б қатысты.

Сарапшы комиссия отырысының қарауына отандық 26 мемлекеттік музей қорынан 1153 ұлттық мәдени игілік объектілері ұсынылды. Соның ішінде Ұлттық музей қорынан – 85; Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қорынан – 380; ҚР Орталық мемлекеттік музейінен – 69; Ықылас атындағы халық аспаптар музейінен – 8; Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалдық мұражай кешенінен – 3, С.Сейфуллин музейінен – 7; Павлодар облыстық мәдениет басқармасына қарасты үш музейден (Невзоров музей-үйі, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінен) – 43; Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінен – 48; Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінен – 21; Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінен – 14; Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасына қарасты сегіз музейден (облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі, Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Хромтау, Ырғыз, Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейі) – 54; Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінен 44 жәдігерді мемлекеттік тізімге енгізу үшін қаралды.

Сарапшы комиссияның шешіміне сәйкес, ұлттық мәдени игілік нысандары деп танылған жәдігерлер мемлекеттік тізімге енгізіліп, бекітілген ресми құжат түрінде қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің порталына жарияланады.

Мақала авторы:

Роза Қараева

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.