Бауыржан Байбек еліміздің шалғай ауылдарындағы халық өкілдерімен кездесті

Әйгерім Жетпісова - 28.11.20192379

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шалғай ауылдардағы қордаланып қалған мәселелерді бірге талқылау үшін өңірлік бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен жүздесті. 

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының стратегиялық бастамалары мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет 2026 жылға дейін ауылдарды қолдау үшін 2 триллион теңге бөлуді көздеп отырғанын айтты. 2021 жылға қарай 3477 ауылды жаңғыртып, ауыз сумен қамтып, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартып, жолды жөндеу мен құрылыс жұмыстарына айрықша көңіл бөлуді жоспарлап отыр.  

«Бүгін сіздермен атаулы мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жүздесіп отырмыз. Бұл қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Тәуелсіздік жылдарында Елбасы этникааралық келісімнің бірегей үлгісін жасады, бір милионнан астам қазақтар тарихи отанына оралды. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында біздің барлық шекарамыз шегенделді. Қысқа уақыт ішінде еліміз қажетті нарықтық реформаларды жүзеге асырды. Егер де 90-шы жылдары қазақстандықтардың 30%-ының тұрмыс-тіршілігі нашар болса, қазір бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін төмендеді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, бастауыш партия ұйымдары «Nur Otan»-ның - басты тірегі, қозғаушы күші. Партияның белсенді мүшелерін жұмылдыру мен жаңа тұлғаларды тарту мақсатында 14 өңірде пилоттық режимде партиялық кадрлық резервке іріктеу жүргізілді.


«Егер де қоғамда диалог болмаса, сенім де болмайды. Сенім жоқ жерде, болашаққа нық қадам жасай алмаймыз. Сондықтан Елбасы «Сенім. Диалог.Болашаққа нық қадам» деп аталатын партияны қайта жаңғыртудың бағдарламасына бастамашы болды. «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – осылардың басын біріктіру. Әлеуметтік жүйені жетілдіріп, ел қамын ойлап, халықтың өмірін жақсарта түскісі келетіндерді партияға тарту.  Бүгінгі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай өңірлерді дамытуға айтарлықтай қаражат бөлінуде. Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Nur Otan» өз тарапынан бюджет қаржысының жұмсалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етеді», - деді Бауыржан Байбек.

Батыс Қазақтан облысы, Ақжайық ауданынан келген партиялық Гүлнар Гилманова өз сөзінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халықтың қандай ауыртпалықты басынан өткергенін тілге тиек етті.

«Адамдардың жалақысы кешіктіріліп, олар балаларын қалай асырарын, қалай киіндірерін білмей қиналды. Уақыт өте келе қарапайым халықтың жағдайы жақсара түсті. Ертеңгі күнге деген сенім пайда болды: Біз күйеуіміз екеуміз төрт баланы тәрбиеліп жатырмыз», - деді ол.

Өз сөзінде Ақмола облысы, Есіл ауданынан келген Бекзат Баймұратов партиялық кадрлық резерв пилоттық жобасының талай жасқа жол ашып бергеніне тоқталды.

«Мен 25 жастамын. Бұрын мен партияға немқұрайлы қарайтынмын. Партиялық кадрлық резервке іріктеу бастамасы менің қызығушылығымды туғызды.  Біздің ауданнан ғана 61 үміткер қатысты, олардың ішінде мен де бармын. Біз жеті ауылда болып, тұрғындармен кездесіп, олардың проблемасын тыңдадық. Енді оны шешудің жолын бірге ойластырамыз», - деді Берік Баймұратов.


Фото «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметінен алынды.


Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?