Сағынтаев отставкаға кетуге дайын

Есдәулет Қызырбекұлы - 29.11.20192616

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отставкаға кетуге дайын екендігін айтты. Бұл жөнінде ол Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық  дамуын қорытындылау» баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сағынтаевтың сөзінше, қарамағындағы қызметкерлер жемқорлық бабымен ұсталатын болса, онда ол өз еркімен отставкаға кетуге дайын.

«Заңның аты заң. Заңдық нормаларды орындау керек. Егер құдай сақтасын әрине, менің қарамағымдағы адамдар істі болып, оны сот дәлелдесе, заңға сәйкес, мен отставкаға кетуіге тиіспін. Президент айтқандай, ол отставканы қабылдау немесе қабылдамау мемлекет басшысының шешіміне байланысты. Мен заң шеңберінде әрекет ететін боламын», - деді Алматы қаласының әкімі.

Естеріңізге салайық, президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ бұған дейін түзетулер мен толықтырулар енгізілген «мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес» туралы заңға қол қойған. Жаңа заң бойынша, басшылық қызметте отырған шенді қарамағындағы адам жемқорлық бабымен ұсталып, істі болса автоматты түрде қызметтен кетуі тиіс.


Фото: almaty.tv


Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.