Испаниядағы финал: Екі қазақ жігіті бір-бірімен төбелесуден бас тартты

Айман Сағатай - 02.12.20194989

Қазақстандық қос каратэші финалда бір-біріне қарсы шыққан жоқ. Испания астанасы Мадрид қаласында каратэден премьер-лига турнирінің соңғы кезеңі өтті. Қазақ спортшылары үш алтын жеңіп алды. Бұл туралы  olympic.kz сайты хабарлайды.

Алтын медаль иеленген спортшылар: Дархан АСАДІЛОВ, Ермек АЙНАЗАРОВ, Софья БЕРУЛЬЦЕВА. 75 келі салмақта өнер көрсеткен Ермек Айназаров финалда франциялық Да Коста ЛОГАННАН басым түссе, қыздардан аса ауыр салмақта сынға түскен Софья Берульцева гректің спортшысы, әлем чемпионы Елени ЧАТЗИЛИАДАДАН айласын асырды.

60 келі салмақта қос қазақ Дархан Асаділов пен Қайсар Алпысбайдың жолы түйісті. Алайда, Қайсар ақтық сынға шығудан бас тартты. Осылайша олимпиадалық рейтингте көш бастап келе жатқан Дархан алтын медаль иеленді.

«Жартылай финалда бір қиындау жағдай болды. Қалғаны бәрі дұрыс. Менің ұстанымым өзгерген жоқ. Дұрыс шешім қабылдағаныма сенімдімін. Менің финалдық жекпе-жектен бас тартуым Дарханға деген құрметім. Оның және құраманың олимпиада жолдамасын алуына септесуім», - деген Қайсар Алпысбай.

Фото: olympic.kz

Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.